top
top
Жаңалықтар

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасы жөніндегі отырыс өткізілді

2019 жылғы 30 қыркүйекте «KAZENERGY» қауымдастығының алаңында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы жөнінде жұмыс берушілер өкілдерімен талқылау өткізілді.

Отырысқа жұмыс берушілер – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, North Caspian Operating Company N.V., «Теңізшевройл» ЖШС, «Казатомөнеркәсіп» ҰАК, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС, «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС, «АМӨЗ» ЖШС, «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «KAZENERGY» қауымдастығының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының салыстырмалы кестесіне келіп түскен ұсыныстар талқыланды. Осы заң жобасымен ҚР Еңбек кодексінің 190-бабымен көзделген жазатайым оқиғаларды тергеу кезінде тараптардың аралас жауапкершілігін және жұмыскер мен жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындауды, сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексіне және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістерді алып тастау ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген жоба бойынша жұмыс жалғасуда.

IMG_6140_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.