top
top
Жаңалықтар

2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс  тобының отырысы

2019 жылғы 31 қазанда «KAZENERGY» алаңында 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Жұмыс тобының мүшелері ҚР Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» қауымдастығының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, North Caspian Operating Company N.V., «ҚазТрансОйл» АҚ, Карашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГТІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШС, «НГСК ҚазҚұрылысСервис» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Атырау мұнай өндіру зауыты» ЖШС, «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС кәсіподақ ұйымы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Өзенмұнайгаз» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ кәсіподақ комитетінің өкілдері қатысты.
Жұмыс тобы мүшелерінен 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісім жобасына еңбек ақысын төлеуді негізгі принциптеріне қатысты келіп түскен ұсыныстары талқыланды.
Жұмыс тобы мүшелерінің Салалық келісім мазмұны бойынша қол жеткізген уағдаластықтары жөнінде ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның алдағы отырысында баяндалатын болады.

Жұмыс тобы отырысының соңында «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Б.О. Ақшолақов әлеуметтік әріптестік тараптарын белсенді жұмыстары үшін алғыс білдірді.


IMG_6706_.jpg

Whats_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.