top
top
Жаңалықтар

«KAZENERGY» қауымдастығының Кеңесі: 2020 ж. басым назардағы жұмыстар – Экологиялық заңнама және ескі кен орындары мен өндірілуі қиын көмірсутек кен орындарына инвестицияларды ынталандыру мәселелері.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен KAZENERGY Қауымдастығы Кеңесінің кезекті 26-шы мәжілісі өтті, оған қауымдастық мүше-компаниялардың басшылары қатысты. Сондай-ақ жыл сайынғы KAZENERGY есепті іс-шарасына Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібіне «2019 жылға арналған «KAZENERGY» ЗТБ-ның жұмыс жоспары мен нысаналы жобаларының орындалуы бойынша есеп беру және 2020 жылға арналған жұмыс жоспары мен нысаналы жобалар тізбесін бекіту», KAZAKHSTAN ENERGY WEEK және XII Еуразиялық KAZENERGY форумының қорытындыларын шығару, 2020 жылға арналған қауымдастықтың бюджетін және 2020-2021 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыс жоспарын қарастыру (23-ші Дүниежүзілік мұнай конгресі 2020, WORLD ENERGY WEEK 2021) мәселелері енгізілді.

Мәжілісті аша отырып, Тимур Құлыбаев мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың 2019 жылы жаңа Экологиялық кодекс жобасы бойынша, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске түзетулер дайындау, қорлар бойынша халықаралық есептілік жүйесіне көшу бойынша, сондай-ақ жоғары өңделген (ескі) кен орындары мен қиын өндірілетін көмірсутегі кен орындарына инвестицияларды ынталандыру мәселелері бойынша белсенді жұмысын атап өтті. «Бұл жұмыста «KAZENERGY» қауымдастығы Үкімет пен уәкілетті министрліктердің сенімді серіктесі – сала компанияларының мемлекеттік органдармен сындарлы диалог алаңы болып табылады», - деп атап өтті ол.

Т. Құлыбаев сондай-ақ алғаш рет өткен KAZAKHSTAN ENERGY WEEK және XII KAZENERGY Еуразиялық форумының қорытындысын жоғары бағалады, оған қатысу үшін Қазақстанға алғаш рет ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед БАРКИНДО келді. Форумның басты оқиғалары - KAZENERGY IV Ұлттық энергетикалық баяндамасының тұсаукесері, DIGITAL ENERGY интерактивті көрмесі, сондай-ақ Қазақстан мұнайының 120 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар болды.

KAZENERGY бас директоры Болат Ақшолақов қатысушыларға қауымдастықтың ағымдағы жұмысы туралы баяндама жасады. Оның баяндамасында қауымдастықтың негізгі бағыттағы қызметтерінің нәтижелерін талдау, атап айтқанда: жер қойнауын пайдалану, салық және тарифтер, мұнай өнімдері және сұйытылған мұнай газы, электр энергетикасы, экология, жергілікті мазмұнды дамыту және сатып алу, техникалық реттеу, адами капиталды дамыту, ғылыми-техникалық кеңес, KAZENERGY жастар комитеті, халықаралық қызмет және аналитика мәселелері қамтылды.

Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, KAZENERGY қауымдастығына 2019 жылы заң шығару саласында өткізілген ауқымды жұмыстары үшін, салалық міндеттердің едәуір көлемін шешкені үшін және т. б. алғыс білдірді. Ағымдағы жылы Энергетика министрлігінің алдында жаңа міндеттер тұр. Атап айтқанда, мұнай алу коэффициентін арттыру мақсатында жоғары өңделген кен орындарын игеруді экономикалық ынталандыру шарттары бойынша мәселелерді пысықтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, газ, мұнай және мұнай өнімдері, электр энергиясы және т. б. бойынша елдің экспорттық әлеуетін дамыту жағдайында ЕАЭО ортақ нарықтарын қалыптастыру маңызды мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алдағы жылы ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша үлкен жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті. Жұмыстың негізгі принципі экологиялық ортаның ластануына жол бермеу мақсатында превентивтілік болады. Ол сондай-ақ Қауымдастық мүшелеріне алдағы экологиялық аудитке қолдау көрсетуге шақырды, оның нәтижелері шығарындыларды азайтуға бағытталған ЕҚТ (ең озық қолжетімді технологиялар) тетігінің негізі болып қаланбақ.

Мәжіліс барысында Басқарушы директор-Қаржы-экономикалық талдау департаментінің директоры Нұрлан ЖАНЕКЕНОВ «KAZENERGY ЗТБ 2020 жылға арналған бюджетін бекіту туралы» баяндама жасады, сондай-ақ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі атқарушы директор Талғат Қарашев сөз сөйлеп, қатысушыларға «KAZAKHSTAN ENERGY WEEK» және XII KAZENERGY Еуразиялық форумын өткізу қорытындылары және 2020-2021 жж. халықаралық ынтымақтастық бойынша қауымдастықтың жұмыс жоспары туралы (23-ші Дүниежүзілік мұнай конгресі 2020, WORLD ENERGY WEEK 2021)» айтып өтті.

Іс-шараның соңында ҚР мұнай-газ және энергетика кешенін дамытудағы сіңірген еңбегі және кәсіби біліктілігі үшін, сондай-ақ KAZENERGY қауымдастығымен белсенді ынтымақтастығы үшін «KAZENERGY» медалімен салтанатты түрде төмендегі тұлғалар марапатталды: «Лукойл Казахстан Апстрим» ЖШС Бас директоры Олег ДЬЯКОНОВ, «ҚазТрансОйл» АҚ Техникалық саясат департаментінің ҒЗТКЖ және инновациялар секторының бас менеджері Ербол МАХМОТОВ, «KAZENERGY» бас директорының кеңесшісі Раушан САРМҰРЗИНА.

04---2020-01-29@.jpg



Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.