top
top
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген мұнай өнімдерінің сапасын бақылау механизмін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2021 жылы KAZENERGY Қауымдастығының алаңында Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген мұнай өнімдерінің сапасын бақылау механизмін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Сауда және интеграция министрлінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің, «Қазақстанның отын қауымдастығы 1» қауымдастығы нысанында ЗТБ мен ЖК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, мұнай өңдеу зауыттарының, АЖҚС пен мұнай базаларының өкілдері кірді.

2021 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген мұнай өнімдерінің сапасын бақылау механизмін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Бұл отырыста келесі мәселелер талқыланды:
  • Кеден одағының 013/2011 «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивтік қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне мұнай қоймаларында мұнай өнімдерінің сапа паспорттарын беру бойынша талаптар белгілеуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • АЖҚС пен мұнай базаларының сынақ зертханалары жоқ елді мекендерде орналасуы проблемасы жөнінде;
  • Кеден одағының 013/2011 «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивтік қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне сәйкес келмейтін мұнай өнімдерінің Қазақстан Республикасының нарығында айналуы.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.