top
top
Жаңалықтар

«KAZENERGY» «Төмен көміртекті энергетика және өндірісті цифрлық дамыту» КАТУ I Халықаралық энергетикалық жазғы мектебіне қатысты

Ү.ж. 20 маусымда KAZENERGY қауымдастығының энергетика саласын дамыту департаментінің директоры Нарынбаев Дамир энергетика факультеті негізінде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ұйымдастырған I Халықаралық энергетика жазғы мектебінің ашылу салтанатында баяндама жасады.

Жазғы мектептің тақырыбы: «Төмен көміртекті энергетика және өндірісті цифрлық дамыту».

289863991_8031911750167402_4312541623231350316_n.jpg

 Таңдалған тақырып отын-энергетика кешені, климат және индустриялық секторды цифрландыру сияқты әлемдік қоғамдастық қызметінің салаларын қамти отырып, дамудың жаһандық проблемаларының бірі болып табылады.

Энергетиканы, экономиканы және экологияны декарбонизациялау мәселелері қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, экологиялық жағдайды және энергия ресурстарын үнемдеуді жақсартуға бағытталған. Қазақстан Республикасы энергия ресурстары нарығындағы көшбасшылардың бірі ретінде нормативтік-құқықтық базада да, озық технологияларды қолдануда да экологияны жақсарту бағытында үздіксіз жұмыс істейді.

"I Халықаралық Энергетикалық Жазғы мектеп – 2022" БАҒДАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасында қолданылуы мүмкін үздік тәжірибелерді таныстыру және қорыту бойынша АҚШ, Польша, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші мамандарының дәрістерін, семинарларын және шеберлік сыныптарын қамтиды.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.