top
top
Жаңалықтар

Ұзақбай Қарабалин Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының алаңында өткен "Жаңа Қазақстан: экономикалық даму стратегиясы" халықаралық конференциясына қатысты

Конференцияның мақсаты-жаңа Қазақстанды құру контекстіндегі орнықты экономикалық дамудың өзекті мәселелерін сараптамалық талқылау.
Іс-шараға белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Конференция жұмысын ашқан ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат былай деп атап өтті: "Қазіргі әлем турбуленттілік аймағына енді. Халықаралық қатынастардың шиеленісуі, ірі әскери қақтығыстар ошақтарының пайда болуы, энергетикалық және валюталық нарықтардың жоғары құбылмалылығы, сауда соғыстарының өршуі, терроризмнің өсуі – мұның бәрі әлемде болып жатқан тектоникалық өзгерістердің сыртқы көріністері. Әлемдік жүйенің бір бөлігі бола отырып, Қазақстан бұл процестерден тыс қала алмайды. Қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап ретінде ел Президенті Қ.Қ. Тоқаев жаңа Қазақстанның стратегиясын ұсынды. Оның негізі ұлттық экономиканың жүйелі проблемаларын – шикізатқа тәуелділікті, еңбек өнімділігінің төмендігін, инновациялардың жеткіліксіз деңгейін, кірістердің біркелкі бөлінбеуін еңсеруге бағытталған жаңа экономикалық саясат болып табылады".

"KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ төрағасының орынбасары, "Қазақстанның Еңбек ері" атағының иегері Ұзақбай Қарабалин Қазақстанның шикізатқа тәуелділігін төмендетудің маңыздылығы туралы ұстанымын толығымен бөлісе отырып, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мұнай-газ химиясы саласындағы ауқымды жобаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Оның пікірінше, бұл біздің еліміз үшін ұзақ мерзімді перспективаларды ашатын саланы дамыту стратегиясының бетбұрыс кезеңі.

Өз кезегінде, Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков орта және ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсуді тежейтін қолда бар жағымсыз факторлар мен диспропорцияларды жою жолдары туралы өз көзқарасымен бөлісті. "Егер бұл шаралар қабылданса, біз экономикалық өсу қарқынының артуына және ЖІӨ – нің екі еселенуіне қол жеткізе аламыз", - деп түйіндеді сарапшы..

Нью-Мексико университетінің (АҚШ) құрметті профессоры Григорий Глисонның пікірінше, Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаты ЖІӨ көрсеткіші емес, жаһандық экономикалық процестердегі ұлттық экономиканың тұрақтылығы болуы тиіс.

Мемлекет басшысы мәлімдеген экономикалық стратегияны іске асыру бойынша құнды практикалық ұсыныстар конференцияның басқа қатысушыларының баяндамаларында да айтылды - М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бейсенғазин, Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінің доценті Эмин Гарибли, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының бірінші вице-президенті Алексей Цеховой, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Қуат Акижанов.

Онлайн-режимде тыңдаушылар ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, Торайғыров университетінің, Сәтбаев университетінің, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, Astana it-университетінің, Қазақ ұлттық университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды техникалық университеті, сондай-ақ Астана қаласы мектептерінің қоғамдық пәндер мұғалімдері, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

0111fd95-7cd9-40a6-859f-3dbe3edfa6d9.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.