2023 жылғы 26 қаңтарда KAZENERGY қауымдастығының алаңында Маңғыстау облысында электр энергиясына болжамды сұраныстың алдын ала нәтижелері бойынша энергетика секторының өкілдері үшін таныстыру іс-шарасы өтті ("Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы" АҚ тарату желілеріне ЖЭК интеграциялау мәселелерін зерттеу шеңберінде).
USAID "Орталық Азия энергетикасы" Алматы энергетика және байланыс университетімен бірлесіп іске асыратын жоба желілердің техникалық жай-күйін бағалауды зерттеуге және ЖЭК-тің рұқсат етілген үлесін айқындай отырып, Маңғыстау облысының тарату желілерін дамытудың 2035 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуге бағытталған.
Жобалық топ Маңғыстау облысының экономикалық дамуын ескере отырып, энергетикалық жүйені дамытудың әзірленген сценарийлеріне сәйкес электр энергиясын тұтыну мен өндіруді бағалау негізінде электр энергиясының болжамды балансының есептеулерін ұсынды.
Кездесу барысында кеңеске қатысушылар энергиямен жабдықтау сенімділігіне, жаңартылатын көздерді өңірдің энергия теңгеріміне интеграциялауға, жаңа генерациялау жобалары үшін газдың болуына және т.б. байланысты энергетикалық жүйені дамыту нұсқаларының сезімтал сәттеріне назар аударды.
Зерттеу кезеңдерін келесі талқылау 2023 жылдың ақпан айында Ақтау қаласында жоспарланған.
