top
top
Жаңалықтар

Қазақстанда «БҰҰ-әйелдер» құрылымы кеңсесі басшысының міндетін атқарушысымен кездесу қорытындысы бойынша

2024 жылғы 8 ақпанда KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының атқарушы комитеті Қазақстандағы  «БҰҰ-әйелдер» құрылымы кеңсесі басшысының міндетін атқарушысы Дина Амришевамен кездесу өткізді.

«БҰҰ-Әйелдер» серіктестігі және БҰҰ Жаһандық шарты аясында әзірленген «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту принциптеріне» клубтың қосылу мүмкіндігі мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Негізгі принциптері: корпоративтік көшбасшылық; жұмыста әйелдер мен ерлерге әділеттілікпен қарау; қызметкерлердің денсаулығы, қауіпсіздігі және әл-ауқаты; әйелдердің білімі, біліктілігін арттыру және кәсіби өсуі; бизнесті дамыту, жеткізу тізбегі және сату; қоғамдық бастамалар мен насихат; ашықтық, өнімділікті бағалау және есеп беру.

Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту принциптерін ұстану гендерлік теңдік қағидаттарына адалдықты білдіреді және тұрақты дамудың күн тәртібін алға жылжытады, Қазақстан Республикасына корпоративтік нәтижелерді жақсартуға және инвестиция тартуға көмектеседі. Отырыс қорытындысы бойынша Әйелдер клубының атқару комитетінің мүшелерімен келісе отырып, келіп түскен материалдарды Қауымдастық мүшелеріне ресми түрде жолдау туралы шешім қабылданды.

OON-women-2.jpg
Қазақстанда «БҰҰ-әйелдер» құрылымы кеңсесі басшысының міндетін атқарушысымен кездесу қорытындысы бойынша
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.