«Каспий нефть» АҚ (KAZENERGY қауымдастығының мүшесі) 2019-2022 жылдары енгізілген «Smart Field Airankol» жобасын Алматы қаласында таныстырды.
Жобаның негізгі артықшылықтары:
- бірыңғай базасында кәсіпшілік деректерді автоматты түрде жинау жүйесі (PDMS жүйесі)
-
жер үстіндегі инфрақұрылымды модельдеу жүйесі (PIPESIM)
-
терең геологиялық талдау және игеру жүйесі (OFM)
-
Айранкөл кен орнындағы геологиялық-техникалық іс-шараларды автоматты түрде таңдауға арналған машиналық оқытуға негізделген құрал
Жоба нәтижелері:
Мұнай өндіруді 10%-ға ұлғайту және өндіріс шығындарын 30%-ға төмендету
Операционалды қызметтік тиімділігі 80% дейін өсті
Мамандардың біліктілігін арттыру 50%-ға бағаланады
Сондай-ақ мұнай шламының көлемін, жанар-жағармай шығынын және ұңғымаларда жөндеу жұмыстарының санын азайтуға қол жеткізілді.
«Каспий нефть» АҚ өкілдерінің сөзінше, кен орнын қашықтан бақылау және басқару мүмкіндігі пайда болды. Яғни, әлемнің кез келген жерінен технологиялық процесті басқаруға болады. Ұңғымада бұзылған жағдайда смарт жүйе жергілікті мамандарды да, бас кеңсе мен стратегиялық талдау орталығының қызметкерлерін де дереу хабардар етеді. Бұл адам факторының әсерін барынша азайта отырып, проблемаларды тез жоюға мүмкіндік береді.
1 жыл ішінде мұнай өндірудің 10%-ға артуы жобаны іске асыру шығындарын толығымен өтеді.
Сонымен қатар бүгін Алматыда «Каспий нефть» АҚ мен «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ мұнай өндіру процестері имитацияланатын цифрлық аудитория мен полигонды ашты. Жобаның мақсаты - болашақ кадрлар мен оқытушылар үшін білім беру базасын құру болып табылады.
