Тараптар өңірдегі мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Қауымдастықтың өткен кезеңдегі қызметінің қорытындысы шығарылды.
Әлібек Қуантыров өз сөзінде Қауымдастық рәсімдерді жеңілдету және жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекеттік сараптамадан өту уақытын қысқарту бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын, Жер қойнауы туралы кодекске және Экологиялық кодекске өзгерістер енгізгенін атап өтті.
- күрделі жобалар бойынша үлгілік келісімшарттарды бекітті (ОӘК);
-
барлау жобаларын іздестіру сатысында ҚР БИОК-қа ұсынуға қойылатын талаптарын жойды (хабарлау тәртібінде жіберіледі);
-
экологиялық рұқсаттарды алу уақытын қысқартты;
-
Қауымдастықтың қолдауымен «Орталық Азиядағы тұрақты ресурстарды басқару бойынша халықаралық озық тәжірибе орталығы» құрылды және т.б.
Сондай-ақ Қауымдастықтың қолдауын қажет ететін жер қойнауын пайдаланушылардың проблемалық мәселелері де талқыланды.
Іс-шараға Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры Кевин Лайон, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» филиалының басқарушы директоры Джанкарло Рую, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) Бас директоры Марко Марсили, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов, «Каспий нефть» АҚ Бас директоры Серік Тыран, «Каспий Құбыржол Консорциумы-К» АҚ ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі Бас директордың орынбасары Қайыргелді Қабылдин, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүльзада Шакуликова, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) Бас директордың орынбасары – техникалық директор Олег Лызлов, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС аппарат басшысы Роллан Сәрсенбек қатысты.