top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы «Білім экономикасы мен жасанды интеллект дәуірінде әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Іс-шара ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының 20 жылдығына арналды. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбо, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары Дания Еспаева, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Әлихан Бәйменов және т. б. қатысты.

«ХЕҰ конвенциясы және Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғаудың цифрлық трансформациясы» 3-сессиясының модераторы: «KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту және еңбек қатынастары жөніндегі атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина болды.

Конференция барысында ғылымның, білімнің өзара іс-қимылы және жаңа технологиялар контекстіндегі дағдыларды дамыту, жасанды интеллекттің қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытуға әсері, ХЕҰ конвенцияларын қолдану және Қазақстандағы еңбекті қорғаудың цифрлық трансформациясы мәселелері талқыланды.

KAZENERGY республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптес, ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық үшжақты комиссияның мүшесі, ҚР Үкіметі, Республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және Республикалық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісімге қол қоюшы болып табылады.

5402443064909357065.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.