top
top
Жаңалықтар

«ТАЛДАУ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін, 2025 жылғы 16 қаңтарда KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов «Талдау мектебі» қоғамдық жобасына қатысушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» энергетиканы дамыту мәселелері талқыланды. Жандос Нұрмағанбетов тәлімгер ретінде Мектептің осы бағытына жетекшілік етеді.

«Талдау мектебі» жобасына 2021 жылы Парламент Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубы бастамашылық жасаған болатын. Бүгінде Сенаттың қолдауымен іске асырылып келе жатқан бұл жоба мемлекеттік басқарудағы және өзге де салалардағы талдамалық тәсілдердің сапасын арттыруға бағытталған. Мектептің төртінші кезеңі 2025 жылдың 11 қаңтары мен 1 наурызы аралығында өтеді.

Курстың қорытындысы бойынша қатысушылар «жасыл» энергетика мен жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, жеті негізгі бағыт бойынша талдамалық баяндамалар дайындап, ұсынатын болады.

WhatsApp-Image-2025-01-16-at-17.09.30.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.