top
top
Жаңалықтар

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ШЕКТІ БАҒАЛАРЫН БОЛДЫРМАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕҢГЕРІМСІЗДІКТЕР БОЛДЫРМАУДЫҢ КІЛТІ

Соңғы үш жыл ішінде мұнай өнімдерінің бағасын әкімшілік реттеу ішкі нарықтың дамуын тежеп келді. Мемлекет белгілеген шекті бағалар нарықтағы жағдайға да, әлемдік бағаларға да сәйкес келмейтін еді. Бұл ішкі нарықта, әсіресе АИ-92 бензині мен дизель отыны сияқты маңызды өнімдерде тапшылыққа алып келді, өйткені бұл заңсыз экспорт пен жанармайдың көрші елдерге ағылуына ықпал етті. Көрші мемлекеттерде жанармайдың бағасы жоғары болғандықтан Қазақстанға транзиттік көліктер көптеп келіп, ішкі нарық жүктемесінің жағдайын қиындатып жіберді.

Көмірсутектерге әлемдік бағаның өсуі жағдайында Қазақстанның мұнай өндіруші компанияларының шығындары күрт артып кетті, бұл болашақта өндіру деңгейіне, ресурстық базаны толықтыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға теріс әсер етуі мүмкін.

Осы факторларды ескере отырып, KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды алып тастау жөніндегі бастамасын қолдайды. Бұл қадам экономикалық теңгерімсіздіктерді жоюға және мұнай-газ саласына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Қазіргі жағдайда бағаны мемлекеттік реттеуді сақтау мұнай өндіруші компанияларға қаржылық жүктеменің артуына әкеліп соқтырады, бұл олардың операциялық қызметіне және жалпы тұрақтылығына әсер етеді. Ал нарықтық бағаға көшу икемділікті, әлемдік бағалардың өзгеруіне бейімделуді қамтамасыз етеді және Қазақстанның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Мұнай өнімдеріне шекті бағалардың жойылуы мұнай-газ саласын орнықты дамытуға және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді мүмкіндіктер береді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.