KAZENERGY қауымдастығында Aksa Energy компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында компанияның бу-газ қондырғысын салуы бойынша жүзеге асып жатқан жобаға қатысты мәселелер қаралды.
Талқылау шеңберінде компания өкілдері көтерілген мәселелерге қатысты пікір алмасты. Өз кезегінде KAZENERGY қауымдастығы бейінді министрлікпен тиімді диалог орнатуға, сондай-ақ жобаға байланысты мәселелерді жедел қарауды қамтамасыз етуге қатысты өз қолдауын білдірді.
KAZENERGY өкілдері Қауымдастық мүшелерімен диалог Қазақстанның тұрақты энергетикалық болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынына айрықша тоқталды. Электр энергетикасы саласын жетілдіру бойынша бірлескен жұмыс оның тиімділігін арттырып қана қоймай, инвестициялар тарту және озық технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Aksa Energy компаниясының өкілі өз кезегінде салалық қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, өзекті мәселелерді шешу барысында көрсеткен қолдауы үшін Қауымдастыққа алғысын білдірді.
KAZENERGY Қазақстанның электр энергетикасын тұрақты дамыту үшін энергетикалық нарыққа қатысушылардың күш-жігерін шоғырландыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыра береді.
