top
top
Жаңалықтар

ЖЭК ДАМЫТУ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін KAZENERGY алаңында GIZ (Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit — энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс ұйымы) және Total Renewables өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Шара барысында жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) Қазақстанның энергия жүйесіне интеграциялау бойынша негізгі мәселелер талқыланды.

Кездесу қатысушылары энергияны сақтау жүйелерін (BESS) енгізу және пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, құқықтық реттеу, техникалық көмек, болжам жасау және осы салада білікті мамандар даярлау мәселелері қарастырылды.

GIZ өкілдері әртүрлі елдердегі ЖЭК-ті энергия жүйесіне интеграциялау бойынша халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Өз кезегінде, Total Renewables энергияны сақтау жүйелері жөніндегі пилоттық жобамен таныстырып, қуаты 1 ГВт болатын ЖЭК жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді.

Кездесу сындарлы диалог форматында өтіп, тәжірибе алмасуға ықпал етті. Бұл Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы одан әрі дамыту жолында маңызды қадам болмақ.

Изображение-WhatsApp-2025-03-13-в-18.54.59_a9ecd0e1.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-03-13-в-18.54.59_2f461d9e.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-03-13-в-18.54.58_e702242b.jpg

Изображение-WhatsApp-2025-03-13-в-18.54.59_336b048d.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.