top
top
Жаңалықтар

KAZAKHSTAN GEOLOGY FORUM: OIL &GAS 2018 2-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨТКЕН
«ТЕРЕҢ БҰРҒЫЛАУ ЖӘНЕ ӨТЕ ТЕРЕҢ БҰРҒЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН  ОТЫРЫСЫ

KAZENERGY қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесі терең бұрғылау және өте терең бұрғылау мәселелері мен проблемаларын талқылады. 18 мамырда KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННЫҢ қатысуымен «Терең бұрғылау және өте терең бұрғылау мәселелері» тақырыбына ғылыми-техникалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, оған KAZENERGY мүше компанияларының, сондай-ақ «КМГ-Евразия» ЖШС, «KaraTau Consulting» ЖШС, «АМГУ» ҰАҚ, НКОК Н.В.,"Газпром ВНИИГАЗ" ЖШҚ, Уфа Мемлекеттік Мұнай Техникалық Университетінің, GTI (РФ) компаниясының және Шлюмберже өкілдері қатысты.

Отырыс барысында терең бұрғылау және өте терең бұрғылаудың ерекшелігіне байланысты мәселелер қаралды. Сарапшылар осы тақырып бойынша жаңа әзірлемелер мен жетістіктерді, ұсыныстарды ұсынды.

Мәселен, «КМГ-Евразия» ЖШС бас директоры А.Денякин «Өте терең бұрғылау «Еуразия» халықаралық жобасындағы саналы қажеттілік» атты өз баяндамасында Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) деректері бойынша 2030 жылға дейін мұнайды жыл сайын тұтыну 1/3 астамға дейін артатындығын атап өтті. Осыған байланысты Каспий өңірінің айтарлықтай ресурстық әлеуеті ерекше талап етілетін болады. Ең біріншіден, Каспий маңы МГП туралы сөз қозғалуда (40-60 млрд. тн. шартты отынға дейін), мұнда көмірсутектердің ірі кен орындарын анықтау мүмкіндігі бар (аса тереңдікте зерделенбегендерді). Жобаны іске асыру халықаралық мұнай-газ және сервистік компаниялар қатарынан консорциум құру жолымен жүзеге асыру болжанады.

Күн тәртібінде бұрғылаудың өзекті мәселелері және Қазақстандағы мұнай-газ саласының өндіруші секторын дамытудың жаңа мүмкіндіктері болды. Қатысушылар өз баяндамаларында саланың жалпы технологиялық міндеттерін шешудің, проблемалық мәселелерді өзектендірудің және сектордың жүйелі шешімдерін әзірлеудің жүйелі тәсілін ұсынды.

«KaraTau Consulting» ЖШС атқарушы директоры А.Далбаев «Еуразия» жобасы бойынша ақпарат ұсынды, Каспий-1 аса терең ұңғымасының сын-тегеуріндері туралы мәселені жалғастырды. Ол қазіргі уақытта ғарыш, сейсмология, су асты жұмыстары мен фототүсірілім сияқты өзге секторларда бұрын пайдаланылған технологиялар жиі қолданылуда екенін атап көрсетті. Жаңа материалдарды қолдану айналмалы колонналардың, сағалық жабдықтардың, геофизикалық құралдардың, бұрғылау қашаулар мен басқа да ұңғыма құралдардың тұрақтылығы мен мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады, олар 15000 м дейін сәулелі терең ұңғымаларды бұрғылау кезінде пайда болатын экстремалды жағдайларға төзе алады.

«АМГУ» ҰАҚ «геология және геофизика» кафедрасының доценті Айсұлу Тұрниязованың «Бұрғылау ұңғымалармен қол жеткізілмеген тереңдіктердегі шөгінді жыныстардың петрофизикалық сипаттамаларына болжам» атты баяндамасы да қызығушылық білдірді.

Отырыс шеңберінде Қашаған кен орындарын бұрғылау бойынша супервайзер Юрий Боков және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК Н.В.) өндірістік операцияларды (геология) қолдау жөніндегі менеджер Иван Газ қатысушыларға аясы тар бейінді және аясы аса тар бейінді ұңғымаларды бұрғылаудың инновациялық технологиялар туралы сөз етті. Автоматтандырылған бұрғылау құралдарын (АБҚ) қолдану ұңғыма бағанының жоғары сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және оның траекториясының бақылау процесін жақсартады.

"Газпром ВНИИГАЗ" ЖШҚ перспективалы зерттеулер зертханасының бастығы Миталим Гайдаров қатысушыларға Астраханский ГКМ ұңғымаларының құрылысы мысалында поликатионды бұрғыма ерітінділерін қолдауды талдау нәтижелерін ұсынды.

Уфа Мемлекеттік Мұнай Техникалық университетінің професоры Фарид Агзамов, өз баяндамасында аса терең бұрғылау бекітпесінің мәселелеріне тоқталды. «Терең ұңғымаларды бұрғылауды оңтайландыру үшін геомеханикалық, петрофизикалық және геонавигациялық модельдеу шешімі» жобасы туралы презентациямен Компания GTI (РФ) геохимика жөніндегі аға инженер Антон Очеретяный сөз сөйледі, ал Шлюмберже кен орындарын дайындау жөніндегі сарапшы Михаил Чарупа кәбілдегі қыртыстарға сынақ жүргізудің жаңа мүмкіндіктері және қорларды жедел есептеуді қоса отырып, барлау ұңғымаларда оларды қолдану мәселелері бойынша сөз етті.

htc1.png
htc2.png
htc3.png
htc4.png
htc5.png
htc6.png
htc7.png
htc8.png

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.