Сұрақтар мен жауаптар
1. Байқауға қатысу үшін командаларды қалай тіркеуге болады?
2. Байқауда неше кезең бар?
3. Байқаудың сыйлық қоры қандай?
4. Байқауға жеке қатысуға бола ма?
5. Команда әртүрлі мамандықтардың/курстардың/университеттердің студенттерінен тұруы мүмкін бе?
6. Байқауға Қазақстаннан тыс университеттерде оқитын студенттер қатыса ала ма?
7. Байқауға жұмыс істейтін мамандар қатыса ала ма?
8. Байқауға қатысу үшін жас шектеулері бар ма?
9. Қазақстан азаматы емес студенттер команда құрамында қатыса ала ма?
10. Жоба паспорттарын дайындауды қай кезеңде бастау керек?
11. Жоба паспортын тапсыру үшін қандай тілге қатысты қандай талаптар бар?
12. Командалар жобаны жасау кезінде оқытушылар (профессорлар) мен тәлімгерлердің көмегін пайдалана ала ма?
13. Экономикалық негіздеме дегеніміз не?
14. Экологиялық негіздеме дегеніміз не?
15. Жобаны коммерцияландыру дегеніміз не?
16. Байқау барысында ұсынылатын/әзірленетін жобаға/шешімге зияткерлік меншік құқығына кім ие болады?
17. ЖОО командалары үшін жобар/идея паспорттарына сараптаманы кім жүргізеді?
18. ЖОО командалары жобаларының/идеяларының паспорттарын сараптау неге әсер етеді?
19. ЖОО командалары бейнеролик-презентацияны әзірлеуге қай кезеңде кірісуі керек?
20. Бейнеоролик-презентацияны ЖОО-лардың қандай командалары әзірлеуі тиіс?
21. ЖОО командаларының бейнеролик-презентацияны жасауға жұмсайтын шығындары өтеле ме?
22. ЖОО командаларының бейнеролик-презентациясында не қамтылуы тиіс?
23. Байқау шеңберінде қосымша іс-шаралар ұйымдастырыла ма?
24. Байқау шеңберінде қосымша іс-шаралар ұйымдастырыла ма?
25. Ғылыми жетекші мен ментордың айырмашылығы неде?
26. Байқаудың қазылар алқасының құрамына кімдер кіреді?
27. Жобаны қорғауға шақырылған командалар үшін жол жүру шығындары өтеле ме?
28. Егер команданың толық құрамы финалдық іс-шараға қатыса алмаса, не істеу керек?
29. Команда финалдық кезеңге өтіп, шорт-параққа өткен болса, қазылар алқасының алдында жобаны қорғай отырып, достары мен туыстарын моральдық қолдауға шақыруға бола ма?
30. Байқауға қатысушылардың ұйымдастырушы компанияда немесе кез келген басқа мұнай-газ компаниясында жұмысқа тұру немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар ма?
31. ЖОО-лар үшін ғылыми жетекші мен ментордың қатысуы міндетті ме?
32. Командалар оқу кезеңінде жоба паспорттарын қорғауға қалай қатысады?
33. Байқау Ұйымдастырушыларының байланыстары:
Байқауға қатысу үшін https://sech.kazenergy.com/ сілтемесі бойынша 2024 жылғы 8 мамырға дейін Сауалнаманы толтыру қажет:
Команда Student Energy Challenge оң жақ жоғрғы бұрышында сауалнаманы толтыру тілін таңдауы қажет. Онлайн тіркеуді команда КАПИТАНЫНАН бастау қажет. Команданы әр мүшесі байқауға қатысу үшін өтінімді жеке-жеке береді. Барлық команда мүшелері Сауалнаманы толтырған соң команданың әр мүшесіне электронды поштаға командаңыз тіркелді деген хабарлама келеді. www.kazenergy.com Қауымдастықтың бас бетінде оқиғалар күнтізбесінде де тіркеу нысаны орналастырылған.
Student Energy Challenge байқауы 4 кезеңнен тұрады, онымен Байқау туралы ережеде таныса аласыз.
Байқаудың жеңімпаз командаларына (ЖОО) жоба паспортының жеке кезеңін әзірлеу және жобалар паспорттарының тақырыптары бойынша одан әрі зерттеу үшін ай сайынғы немесе бір жолғы грант/стипендия берілуі мүмкін.
Жоқ, Байқауға тек бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларында оқитын 2-4 студенттен тұратын командалар қатыса алады.
Иә, студенттер бір университетті көрсететін кез келген комбинацияда команда құра алады.
Жоқ, байқау Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.
Байқау барлық командалар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету үшін бакалавриат және магистратура студенттеріне ашық.
Иә, байқауға 18 бен 25 жас аралығындағы студенттер қатыса алады.
Ұйымдастырушылар ұлдар мен қыздардың өтініштерін құптайды және тең құқықтар мен мүмкіндіктер принципін ұстанады.
Иә, егер ол азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасындағы ЖОО студенті болса, студенттердің командаға қатысуы рұқсат етіледі.
Жоба паспортын дайындауды байқаудың бастапқы кезеңдерінде, жобаның тақырыбы анықталғаннан кейін бастауды ұсынамыз.
Жобалар/шешімдер Ұйымдастырушыларға үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жіберіледі.
Команда Байқауға ұсынған жобасы/идеясы өз жұмысының және/немесе зерттеуінің нәтижесі екенін түсініп, мойындауы керек. Тәлімгерлердің қолдауын тек кеңес алу мақсатында ғана пайдалануға болады. Плагиатқа абай болыңыз және тиісті дереккөздерге сілтемелер беріңіз. Егер Ұйымдастырушылар берілген өтінім команданың өз жұмысының нәтижесі емес екенін анықтаса, команданы қатыстырмайды.
Бұл жобаны/идеяны әзірлеу шығындарын, шығындарды, кез-келген кірістің мүмкіндіктерін қамтитын пайданың сипаттамасы. Команда жобаның/идеяның тартымдылығын анықтау, сәтті мүдделі тараптарды (кәсіпорындарды) анықтау үшін қарапайым талдауды ұсына алады.
Жоба паспортын жазған кезде «Экологиялық негіздеме» бөлімінде өнімнің, тауардың, қызметтің экологиялығын сипаттау және қолдану барысында іске қосқан кездегі зиянсыздығын сипаттау ұсынылады. Яғни, соңғы тұтынушы тауардың, қызметтің өнімі (әзірлемесі) экологиялық таза екеніне сенімді болуы тиіс. Экологиялық зиянсыздық деп өмірлік цикл кезеңдеріндегі әсерді айтады (мысалы, биологиялық ыдырайтын пластик, әйнекті қайта пайдалану, органикалық материалдар және т.б.). Экологиялық әзірлеме деп, мысалы, қоршаған ортаны пайдалану саласындағы мәселелердің шешімін айтады.
Коммерцияландыру мүмкіндігі идеяны іске асыруды, кәсіпорындардың табыс табуы мақсатында зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуді білдіреді.
Байқауға әзірленген жобалар/шешімдер авторлардың меншігінде қалады.
Жоғары оқу орындарының командалары ұсынған жобалардың/идеялардың паспорттарын сараптауды Байқаудың бағыттары мен тақырыптары бойынша тиісті салалардағы кәсіби және сараптамалық қызметте үлкен тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.
Жобалар/идеялар паспорттарын тәуелсіз сараптау қорытындысы бойынша Ұйымдастырушылар жобаларды қорғауға қатысатын Байқаудың финалына өткен командалардың сараланған тізімін жасайды.
Жобалардың/идеялардың паспорттарын ұйымдастырушыға ұсыну аяқталғаннан кейін жобаларды/идеяларды визуализациялау бойынша бейнеролик-презентацияларды әзірлеу үшін визуалды креатив саласындағы әлеуетті жеткізушілерді іздеуді бастау ұсынылады.
Бейнеролик-презентацияны өткізілген тәуелсіз сараптама қорытындылары бойынша Байқаудың финалына өткен командалар әзірлеуі тиіс.
Әрбір команда жоба паспортының презентациялық ролигін, соның ішінде life- режимде немесе үшінші тарапты қатыстыра отырып, өздігінен әзірлеуге құқылы. Презентация ролигін өздігінен, соның ішінде life- режимде әзірлеген жағдайында команда 4 (төрт) қосымша ұпай алады. Ұйымдастырушының қаражаты есебінен үшінші тарапты (Өнім берушіні) тарта отырып, презентациялық бейнероликті әзірлеген жағдайда командаға қосымша ұпайлар берілмейді. Ол үшін командалар визуалды креатив саласындағы әлеуетті өнім берушілердің байланыс деректерін шарт жасасудың кейінгі рәсімі үшін «KAZENERGY» ұйымдастырушысына ұсынуы қажет. Ол үшін команда Техникалық тапсырысты әзірлеуі керек. Бейне презентацияны жасау бойынша техникалық тапсырманы әзірлеу бойынша кейбір ұсыныстар жөнінде https://kazenergy.com/kz/operation/educational-program/157/1859/ сілтемесі арқылы өтіп, бейнеден біле аласыз. Командалар презентация ролигін жасау үшін компанияны таңдау құқығын сақтайды.
Презентациялық роликке қойылатын талаптар:
- Өнімнің, мақсатының, процестің, технологияның сипаттамасы және т.б. – 30 сек дейін. (атауы, не үшін және т. б);
- Ролик 2D форматында немесе 3D графикамен аралас форматта, анимацияда орындалуы тиіс және берілген мақсаттарға қол жеткізілетін аспап моделінің жұмыс қағидаттары мен конструктивтік ерекшеліктерін (объектілерді, механизмдерді, құрылымдарды, қоршаған ортаны, қозғалатын/жылжымайтын механизмдерді, құрамдас бөліктерді, жұмыс процесін және т.б. модельдеу) және т. б. қамтуы тиіс (100 сек. дейін);
- Аспаптың/құрылғының негізгі артықшылықтарын түсіндіру (50 сек. дейін);
- Аспапты іске қосып, мысалдармен көрсету (50 сек. дейін);
- Электрондық тасымалдағыштағы роликті Ұйымдастырушыға ұсыну.
- Роликтің жалпы хронометражы – 4 минуттан көп емес.
Иә, Байқау аясында «Shell NXplorers» сыни ойлау дағдыларын дамыту бойынша тренинг (онлайн) ұйымдастырылады, сондай-ақ экология және экономика бойынша тренингтер жоспарлануда.
Командаға тренингте толық қатысқаны үшін 3 ұпай беріледі.
Ғылыми жетекші – команданы ұсынған ЖОО-ның оқытушылар құрамындағы тұлға. ентор – тәуелсіз кеңесші-консультант. Менторды бизнес орта, ғылыми орта, сараптама қоғамдастығы өкілдерінің қатарынан тартуға болады.
Қазылар алқасының құрамына мұнай-газ/энергетика салаларының, ғылыми және ғылыми-зерттеу мекемелерінің, Демеуші мен Ұйымдастырушының өкілдері (келісім бойынша) кіреді.
Иә, шығындар Байқаудың Ұйымдастырушылары есебінен өтеледі.
Команда ұйымдастырушыларға өзгеріс туралы мүмкіндігінше ертерек хабарлауы керек. Егер команда жобаны/шешімді қорғауға шақырылса, кем дегенде 2 студент команда атынан қатысуы керек-1 команда мүшесі және капитан.
Иә, командалар достарын, отбасын және/немесе мұғалімдерді шақыра алады. Бұл жағдайда бұл туралы Ұйымдастырушыларға алдын ала хабарлап, жанкүйерлеріңізді тіркеу туралы хабардар етуіңіз керек. Жанкүйерлеріңізді тіркеу үшін платформаны байқауды ұйымдастырушылармен тексеріңіз. Жанкүйерлердің (достар, туыстар) жол, тұру және тамақтану шығындарын Ұйымдастырушылар көтермейді.
«Student Energy Challenge» байқауы қызметкерлерді іріктеу және жалдау процесі емес және Байқауға қатысу жұмысқа қабылдау кезіндегі бағалауға әсер етпейді.
Міндетті емес, бірақ жобалардың/идеялардың паспорттарын әзірлеуге жәрдемдесу мақсатында командалардың ғылыми жетекшіні де, менторды да тартуына болады.
Ғылыми жетекші және (немесе) ментор команда құрамына кірмейді.
Ұйымдастырушылар өкілдері жартылай финалға шыққан командалар болып табылатын ЖОО-ға барлық команда мүшелерінің жарыстың финалына қатысуы және жолақысын (бару-қайту), жататын орны мен тамақтануын байқау ұйымдастырушыларының есебінен төлеу туралы ресми хаттар жібереді. Байқау аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушылар жоғары оқу орындарына Байқау нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.