top
top
Международное агенство по возобновляемой энергии - IRENA
 Международное агенство по возобновляемой энергии - IRENA
Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі - IRENA) 2009 жылғы қаңтарда Бонна қаласында (Германия) құрылтай конференциясында ресми түрде құрылды. IRENA – үкіметаралық ұйым, қызметі ЖЭК пайдалануды жоғарылатуда жәрдем көрсету бойынша индустриалды түрде дамыған және дамып жатқан елдерге бағдарлы кеңес беру жолымен жаңартылатын энергия көздерін ілгерілету үшін саяси шеңберлі жағдайды жақсартуға бағытталған.

Қазақстан ұйымның мүшесі болып 2009 жылғы 29 маусымда атанды.

 2009 жылдан бастап Абу-Даби қаласында (БАЭ) IRENA Ассамблеясының сессиялары тұрақты негізде өтеді.

 IRENA бас директоры кениялық дипломат Аднан Амин болып табылады.

 Агенттік ЖЭК ілгерілетуде үш басты аспектіні жүзеге асырады: қаржы қаражаты, ақпарат және оқыту. IRENA шеңберінде тақырыптық зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі бар, атап айтқанда IRENA жаңартылатын энергетика құрылымының ең жақсы нұсқасын таңдауда және оның әлеуетін толық көлемде пайдалануда қолдау көрсетеді. Осылайша, IRENA елдің күн және жел энергетикасын қайда және қалай дамыта алатындығы, биомасса энергиясын қалай алатындығы, гидроэнергетика мен геотермалдық энергетиканы қай жерде дамытқан дұрыс екендігі жөнінде кеңес береді. IRENA ең жақсы әдістерді әзірлеуге және ең үздік технологияларды іздеуге жәрдемдеседі. 2012 жылдан бастап IRENA «ЖЭК саласында оқыту бойынша халықаралық әріптестік» атауымен бағдарлама әзірледі.

Осы бағдарлама шеңберінде Қазақстанға мына ақпарат қолжетімді:
  • халықаралық білім беру және кәсіби даярлау дерекқоры
  • ЖЭК саласында оқу материалдарының кітапханасы;
  • оқыту семинарларына қатысу;
  • электронды оқыту платформасы (Академия), мұнда студенттерге электронды оқыту арқылы (лекциялар мен семинарлар) қолдау көрсетіледі;
  • білімдерімен алмасу (форум), мұнда профессорлар, сарапшылар мен оқушылар интерактивті диалогтардан, ақпарат алмасудан, желілер жасаудан және оқу бағдарламаларын құрудан пайда шығара алады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.