top
top
Құттықтау сөздер

Автор: Берлин Иришев

Colas (Bouygues) француз құрылыс фирмасы Wattway деп аталатын жаңа туындысын көпшілік назарына ұсынды. Бұл өнертабыс INES – Күн энергиясы институтымен бірлесіп бес жыл бойы зерттеу жүргізген жұмыстарының нәтижесі.

Wattway жолдар мен паркингтерге арналған жаңа типтегі резеңке жабын, оның құрамы күн фотоэлементтерінен тұрады, оларды пайдаланғанда жергілікті электр энергиясы өндіріледі.

Параметрлері:
Мұндай 1 км. жабын 5 000 тұрғыны бар қаланы жарықпен қамтамасыз ете алады.
Мұндай 5 км. шоссе жылына 1000 сағат күн сәулесімен бір отбасының пәтеріне бір жылдық қуат бере алады.
Егер мұндай жабынды Францияның 2,5% автожолдарының пайдалансақ, онда ол осы өндірістік елдің энергияға сұранысын 10%-ға азайта алады.
Сәйкесінше, көмірсутекке деген сұраныс та 10%-ға азаяды.

Бұл жабын жолдарды жаңадан салуды немесе қайтадан асфальттауды қажет етпейді және 20 жылға есептелген өте берік материалдан тұрады. Жабын 2016 жылғы қаңтардан бастап сатуға шығарылады және оны EXPO-2017 аумағында да, сол сияқты Астананың тұтас аумағында пайдалануға болады.

Бұл өнертабыс — ТМД елдеріндегі жол құрылысы мен жабындары саласындағы тың жаңалық. Біздің жолдарымызға мұндай жабынды пайдалану қолданыстағы трассаларға кететін шығынды азайтуға және Экспо 2017 «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбына сәйкес энергия көздерін әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.