top
top
Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі  А.Ұ.Маминге геологиялық барлау бағыты бойынша қорытынды презентация

9 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі А.Ұ.Маминге өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы шеңберінде геологиялық барлау бағыты бойынша соңғы презентация өтті, оған командалардың бірінің көшбасшысы ретінде «KAZENERGY» қауымдастығының Атқарушы директоры Рабай Яромир қатысты.

Осы бағыт бойынша төрт міндет қойылды: геология саласын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу, ҚР минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкін құру, мұрағаттық геологиялық деректерді талдау және перспективалық инвестициялық жобаларды анықтау, геологиялық кластер құру.

Баяндамашылар геологиялық саланы трансформациялауды, геологиялық-геофизикалық деректердің сапасын арттыруға, талдау мен модельдеуге, ресурстарды бағалауға, деректерді дайындауға және әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған мемлекеттік аппараттың функцияларын кеңейтуді қоса алғанда, бастамалар мен жаңалықтарды ұсынды.

ҚР Премьер-Министрі салалық мамандардан ұсынылған тәсілдерді мақұлдады, мемлекеттік органдарға тиісті мәліметтер берілді.

Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы ҚР Үкіметімен бірлесіп, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының "El Úmiti" бастамасы шеңберінде 2020 жылдың басында басталғанын еске саламыз. Елбасы академиясы бағдарламаның кураторы болып табылады.

1.jpg

2.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.