top
top
Жаңалықтар

ҚР жаңа экологиялық кодексі: экологиялық реттеу нормаларын жалпы қабылданған экологиялық стандарттармен сәйкестендіру

2021 жылғы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев ҚР жаңа Экологиялық кодекске қол қойды. Кодекстің негізгі тұжырымдамасы ең үздік халықаралық практиканы ескере отырып, экологиялық реттеу нормаларын жалпы қабылданған экологиялық стандарттарға жақындатуға бағытталған. Сонымен, Кодексте мыналар қарастырылған:
  • ЭСПО Конвенциясының, Орхус конвенциясының талаптарына және дамыған елдердің заңнамаларында қолданылатын қазіргі заманғы тәсілдерге негізделген ҚОӘБ Жаңа схемасын қолдану;
  • санитарлық-гигиеналық нормативтерден экологиялық құрамдас бөлік пен техникалық және экономикалық жүзеге асырылу арасындағы теңгерімді сақтауға негізделген экологиялық нормативтерге көшу;
  • экологиялық залалды заттай нысанда өтеу басымдығы және залалды бағалаудың тек тікелей әдісін қолдану;
  • кешенді экологиялық рұқсат (бұдан әрі – КЭР) алу;
  • ең озық қолжетімді техникалар (бұдан әрі – ЕҚТ) бойынша анықтамалықтарды әзірлеу және қолдану.

ЕҚТ стандарттарына сәйкес келетін және КЭР-ге ауысатын кәсіпорындар қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнен босатылады.

Қызметі қоршаған ортаға елеулі әсер ететін, сондай-ақ энергия мен шикізатты көп мөлшерде тұтынатын 1-санаттағы кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету мақсатында 2025 жылдан бастап ЕҚТ енгізу көзделеді.

Бірінші кезеңде ЕҚТ қағидаттарына 2021 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары неғұрлым көп мөлшердегі ТОП-50 кәсіпорынның (ҚР Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес) көшуі жобаланып отыр. ЕҚТ енгізетін кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнен босату да көзделеді. ЕҚТ қолданбаған жағдайда эмиссия үшін салық ставкаларын 2, 4 және 8 есе кезең-кезеңімен арттыру көзделеді.

ТОП-50 кәсіпорын үшін 2025 жылдан бастап ставкалар өседі, ал 2031 жылдан бастап I санаттағы қалған кәсіпорындар үшін кезең-кезеңімен осындай ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, ЕҚТ іске асыру өндірісті жаңғыртуға және қайта құруға байланысты компаниялардың айтарлықтай қаржылық шығындарын талап етеді. Осыған байланысты кәсіпорындардың ЕҚТ-ға көшуі үшін қосымша ынталандыру шараларын зерделеу талап етіледі.


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.