top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY-да Қауымдастық мүшелерінің Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының Халықаралық хатшылығының қызметкерлерімен кездесуі өтті

ӨСАБ Халықаралық хатшылығының өкілдері Астанаға Қазақстанның мұнай, газ және тау-кен секторындағы ашықтық пен есеп беруді қамтамасыз ететін осы халықаралық бастама (валидация) стандарттарына сәйкестігін бағалау үшін келді.

Қауымдастық мүшелері кездесу барысында жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың ӨСАБ есептілігін ұсынуға қатысуының практикалық аспектілеріне қатысты валидациялық комиссияның сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, әлеуметтік инвестициялар төлемдерінің ерекшеліктері, көмірсутек шикізатының кен орындары бойынша аукциондарға қатысу тетіктері, корпоративтік салық салу режимдері, келісімшарттық міндеттемелерді ашу және бенефициар құқығы мәселелері қаралды.

Қауымдастық мүшелері мен валидациялық комиссия KAZENERGY-дің Қазақстанда ӨСАБ іске асыру мәселелеріндегі байланыстырушы рөлінің маңыздылығын атап өтті және Қауымдастық өкілдерінің ӨСАБ мүдделі тараптарының Ұлттық кеңесінің жұмысындағы белсенділігін жоғары бағалады.

Қауымдастықтың өкілдері өз тарапынан кезекті ӨСАБ XI Ұлттық конференциясын өткізудің дәстүрлі орны ретінде еліміздің басты салалық алаңы – Қазақстанның энергетикалық апталығы - 2025/KAZENERGY XVI Еуразиялық форумын ұсынды.

IMG_9632.jpg

IMG_9625.jpg

IMG_9626.jpg

IMG_9628.jpg

IMG_9630.jpg

IMG_9633.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.