top
top
Жаңалықтар

Қазақстан мен Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен Таяу Шығыс, Түркия, Орталық Азия, Ауғанстан және Пәкістан бойынша Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC Дүниежүзілік банк тобына кіреді) вице-президенті Хела Шейхрухумен кездесу өтті.

Іс-шараға "KAZENERGY" қауымдастығының, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ өкілдері, Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесінің және "ECOJER" қауымдастығының сарапшылары қатысты.

Кездесу барысында 2030 жылға қарай метан қалдықтарының деңгейін 2020 жылғы қалдықтар деңгейіне қарағанда 30%-ға төмендетуді көздейтін Метан жөніндегі жаһандық міндеттемені іске асыру аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Экология министрі жаһандық міндеттеме шеңберінде мәлімделген мақсаттарға қол жеткізудегі барлық мүдделі тараптардың үлесін атап өтті, сондай-ақ метан қалдықтарын азайту жөніндегі ұлттық бағдарламаны әзірлеу бойынша жоспарлар туралы хабардар етті.

"KAZENERGY" басқарушы директоры - Экологиялық реттеу және төмен көміртекті даму департаментінің директоры Ержан Қуанышев Қауымдастықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар ол "KAZENERGY" қауымдастығының мүшелері бастамашылық еткен, өндірістік шектеулер мен қауіпсіздікті ескере отырып, сондай-ақ халықаралық практикаға сәйкес метан қалдықтарын азайтуға бағытталған шаралар кешені мен жобалар туралы хабарлады.

Өз кезегінде Хела Шейхруху ханым Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін мәлімдеді.

IMG_9829.JPG

IMG_9830.JPG

IMG_9835.JPG

IMG_9834.JPG

IMG_9831.jpg

IMG_9833.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.