top
top
Жаңалықтар

«Елде сарқылып жатқан кен орындары үшін бөлек салық режимі қажет», - KAZENERGY

Астанада «S&P Global» Бірінші Өңірлік Форумы өтті. «Өңірлік энергетика үрдістері» атты пленарлық отырысына KAZENERGY, ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.

Іс-шара барысында KAZENERGY Бас директоры Әлібек Қуантыров салалық мәселелерді шешудегі Кауымдастықтың рөлі мен мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығы туралы айтты. Бұл сала бүгінде Ұлттық қорға, республикалық және жергілікті бюджеттерге негізгі салық төлеуші бола отырып, экономиканың дамуына үлкен үлес қосып, қазақстандықтардың әл-ауқатына барынша ықпал етуде.

-Бірақ саладағы қазіргі жағдай Қауымдастық пен оның мүшелерін қатты алаңдатып отыр. Кейбір өңірлердегі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі, қолданыстағы кен орындарының сарқылуы, жер қойнауын пайдаланушыларға салық режимі, ішкі нарық үшін мұнай мен мұнай өнімдеріне нарықтық емес баға белгілеу – шешуді қажет ететін басым мәселелердің бір бөлігі ғана, - деді Ә.Қуантыров.

Оның айтуынша, бұл мәселелердің себебі – саланың инвестициялық тартымдылығының төмендігі. Осылайша, S&P Global талдауы бойынша, инвестициялық тартымдылықтың әлемдік рейтингінде Қазақстанға бар болғаны 5,39 балл берілді, бұл рейтингке енген 112 елдің ішінде 78-орын. Салық режимінің шарттарына байланысты инвестор салыстырмалы түрде төмен ақша ағынын алады.

-Қауымдастық S&P Global компаниясымен бірлесе отырып, халықаралық рейтингтің ҚР-дың мұнай-газ саласындағы инвестицияларға әсерін бағалау үшін зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Бізге фискалдық және реттеушілік ынталандыру шараларына, геологиялық барлау процедураларын жеңілдетуге, қолданыстағы кен орындарын қолдауға, сондай-ақ әділ нарықтық қатынастарға және ішкі нарықтағы мұнай мен мұнай өнімдерінің бағасына баса назар аудара отырып, қолданыстағы салық заңнамасын жетілдіру бойынша опциялар құру қажет», - деп атап өтті KAZENERGY Бас директоры.

Қауымдастық S&P Global компаниясымен ұзақ жылдар бойы KAZENERGY Ұлттық энергетикалық баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан үшін маңызды мәселелер бойынша бірқатар салалық зерттеулерді жариялау үшін бірлесіп жұмыс істеп келеді.

-Сарқылып жатқан кен орындарында ауыртпалықты азайту үшін бөлек салық режимі қажет. Бұл мәселелердің барлығы жүйелі түрде шешілуі тиіс. Жалпы, табиғи ресурстарымызды келешек ұрпақ үшін сақтап, оны ұтымды пайдалану маңызды. Мұнай-газ компаниялары мен Үкіметтің міндеті – елге, экономикаға, халыққа барынша пайда әкелу. Бір ғана мұнай-газ саласында жүздеген мың адам жұмыс істейді», – деді Ә.Қуантыров.

Сонымен қатар форум барысында қатысушылар төмен көміртекті жобаларды дамытуды талқылады. Ә.Қуантыров атап өткендей, Қазақстан энергетикалық трилемманы шешу арқылы – энергетикалық қауіпсіздік, энергия қолжетімділігі мен экологиялық тұрақтылық арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету арқылы энергетикалық қауіпсіздіктің параметрлерін айқындайтын Энергетикалық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу және қабылдау қажет.

photo_5382069015662417300_y.jpg

photo_5382069015662417256_y.jpg

photo_5382069015662417258_y.jpg

photo_5382069015662417270_y.jpg

photo_5382069015662417269_y.jpg

photo_5382069015662417295_y.jpg

photo_5382069015662417272_y.jpg

photo_5382069015662417263_y.jpg

photo_5382069015662417306_y.jpg

photo_5382069015662417274_y.jpg

photo_5382069015662417277_y.jpg

photo_5382069015662417279_y.jpg

photo_5382069015662417278_y.jpg

photo_5382069015662417352_y.jpg

photo_5382069015662417275_y.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.