top
top
Жаңалықтар

35 студенттер командасы «Student Energy Challenge» байқауының 8 маусымының 3-кезеңінде тәуелсіз бағалау үшін жобалық жұмыстарын тапсырды.

Жоба паспорттарын тәуелсіз бағалауды жүзеге асыру үшін энергетика, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу салаларындағы жетекші сарапшылар тартылды.

Ұсынылған бағалау парақтарының нәтижелері бойынша 2024 жылғы 15 тамызға дейін «Student Energy Challenge» байқауының финалына қатысатын командалар іріктеледі. Байқау финалының өтетін орны демеуші “Шелл Қазақстан” (Демеуші) компаниясымен талқылау кезеңінде.

“Student Energy Challenge” байқауын “KAZENERGY” қауымдастығы 2017 жылдан бастап “Шелл Қазақстан” компаниясының әріптестігімен және қаржылық қолдауымен өткізіп келеді. Байқау туралы толық ақпаратпен https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша танысуға болады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.