top
top
Жаңалықтар

Астанада Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы шығарылды

2025 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласындағы «EXPO» Конгресс орталығында Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Алексей Цой, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қатысты.

Салтанатты іс-шара аясында «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — адал еңбекті қазақстандықтардың әл-ауқаты мен табысының берік негізі ретінде дәріптеу, еңбек әулеттерінің сабақтастығын сақтау, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, сондай-ақ жастарды еңбекке құрмет рухында тәрбиелеу және қоғам санасында еңбек адамының оң бейнесін қалыптастыру.

Іс-шараның өтуіне ірі кәсіпорындар мен компаниялар қолдау көрсетті. Бас демеушілердің бірі ретінде Теңізшевройл компаниясы атсалысты, бұл бизнестің еңбек адамының беделін арттыруға және жұмысшы мамандықтарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілігін айқындайды.

Сонымен қатар, KAZENERGY қауымдастығы іс-шараға әлеуметтік серіктес ретінде қатысып, еңбек адамының мәртебесін арттыруға, жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге және салалық кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайтынын растады.

Іс-шара барысында еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік жұмысшы мамандық иелері, өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері марапатталды. Мемлекеттік наградалар мен арнайы сыйлықтар көпжылдық адал еңбегімен, жоғары кәсіби шеберлігімен және саланың дамуына қосқан елеулі үлесімен ерекшеленген азаматтарға табысталды.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылған бастамалар еңбек адамының беделін арттыруға, кәсіби бағдар беру жүйесін күшейтуге және нақты секторда сұранысқа ие кадрларды даярлауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Бұл бастамалар адами капиталды дамытуға және ел экономикасының орнықты өсімін қамтамасыз етуге негіз қалайды.

WhatsApp-Image-2025-12-24-at-11.32.40.jpg

WhatsApp-Image-2025-12-24-at-11.32.41.jpg

WhatsApp-Image-2025-122.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.