top
top
Жаңалықтар

ЕАЭО ТР 046/2018 стандарттарының Тізбесі өзектендірілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 20 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 046/2018) техникалық регламентіне қатысты зерттеу әдістерін қамтитын стандарттар тізбесінің жаңартылған редакциясын бекітті.

Бұл мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаны іске асыруды ескере отырып, техникалық регламентке қатысты дәлелдемелік базаны өзекті күйде ұстау үшін қажет.

Өзектілендірілген редакцияға 35 мемлекетаралық стандарт енгізілген, олардың ішінде жаңасы — 10 стандарт; үшеуі — Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты; үшеуі — Ресей Федерациясының ұлттық стандарты. Тізбеден өнеркәсіп үшін өзекті емес бірқатар құжат алып тасталды.

Қабылданған өзгерістер қауымдастық мүшелеріне - «Қазгермұнай «БК» ЖШС, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Азия газ құбыры» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ және т.б. газ хроматографтарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы проблемаларды шешуге және өлшеу құралдарын жаңартуды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.