top
top
Жаңалықтар

Адам капиталы — стратегиялық ресурс: KAZENERGY-де саланың басымдықтары талқыланды

2025 жылдың 13 қарашасында Астанада «KAZENERGY» қауымдастығының Адам капиталын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл алаң мұнай-газ және энергетика саласындағы жетекші компаниялар өкілдерін, мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми институттарды, салалық сарапшыларды жинады.
Кеңес мүшелері мен шақырылған қатысушылар отырысқа офлайн және онлайн форматта қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің төрайымы, «Теңізшевройл» ЖШС Адам ресурстарын басқару басқармасының бас менеджері Кәмшат Байжанова адам капиталын дамыту – кез келген саланың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын, тұрақты дамудың стратегиялық негізі болып табылатын жүйелі және үздіксіз үдеріс екенін атап өтті.

«Бүгінде бизнестің нәтижелілігі қызметкерлердің құзыреттілік деңгейі мен қауіпсіздік мәдениетінің жетілуіне байланысты. Сондықтан біздің басты назарымыз — тек нормаларды сақтау емес, сонымен қатар оқытудың жаңа әдістерін енгізу, персоналды дамыту және қызметкерлердің денсаулығына қамқор болу», — деді Кәмшат Байжанова.

Үйлестіру кеңесінің отырысында энергетика саласындағы кадрлық саясаттың даму бағытын айқындайтын бірқатар негізгі тақырыптар қаралды:
  • ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Салалық біліктілік кеңесінің нәтижелері мен жоспарлары;
  • 2026–2028 жылдарға арналған мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы Салалық келісімнің жаңа бағыттары;
  • жұмыс берушілердің «Болашақ» бағдарламасымен өзара іс-қимылы арқылы кадрларды даярлаудың тиімді тәсілдерін іздеу;
  • еңбек қатынастарын заңнамалық реттеу мәселелері;
  • кәсіби аурулар кезінде медициналық көмек ұйымдастыру;
  • кәсіби тәуекелдерді басқару қағидалары туралы №363 Бұйрықтағы өзгерістерді талқылау.
Ассоциацияның атқарушы директоры Ләззат Ақмұрзина адам капиталын дамыту бағыты бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын ұсынып, әлеуметтік диалогты дамыту, салалық біліктілікті арттыру және өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде (NCOC, KPO) мердігерлер қаражаты есебінен оқуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның жұмыс органы ретіндегі функциялардың орындалуы туралы баяндады.

Ал заңнама қызметі жөніндегі баяндама барысында Адам капиталын дамыту департаментінің директоры Айман Құсайынова Үйлестіру кеңесі мүшелерінің назарын мемлекеттік органдар мен ҚР Парламенті сияқты алаңдарда қауымдастық мүшелерінің ұстанымын дер кезінде қорғау үшін ақпарат пен тәжірибелік мысалдарды уақтылы ұсынудың маңыздылығына аударды.

2025 жыл Ассоциация үшін ірі оқиғалар жылы болды: KAZAKHSTAN ENERGY WEEK–2025, XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы, және VII KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының форумы сәтті өткізілді. Бұл алаңдар қауымдастықтың кәсіби диалог пен салалық бастамаларды дамыту орталығы ретіндегі рөлін тағы да дәлелдеді.

IMG-20251114-WA0006.jpg

IMG-20251114-WA0007.jpg

IMG-20251114-WA0008.jpg

IMG-20251114-WA0009.jpg

IMG-20251114-WA0010.jpg

IMG-20251114-WA0011.jpg

IMG-20251114-WA0012.jpg

IMG-20251114-WA0013.jpg

IMG-20251114-WA0014.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.