Биыл KAZENERGY Қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толып отыр. QazaqGaz ұлттық компаниясының ұжымы атынан барша әріптестерімізді осы айтулы датамен құттықтаймыз!
Бүгінгі таңда KAZENERGY Қауымдастығы еліміздің мұнай–газ, энергетика және атом өнеркәсібі саласында 70 компанияның басын бір шаңырақтың астына біріктіріп отыр. Басты мақсат – әлемдік энергетика нарығында орын алып жатқан жағдайларға қарамастан, аталған салаларды тұрақты дамытуға ықпал ету.
Өткен жылдарға көз салсақ, Қауымдастық уақыт үдесінен шыға білді. Өзіне жүктелген мақсат, міндеттерін орындай алды. Еліміздің энергетика саласында көптеген маңызды жобаларды жүзеге асырып, кәсіби стандарттарды қалыптастыруда белсенді рөл атқарды.
Ұйымның арқасында Қазақстанның энергетикалық секторы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болып, тұрақты дамуға бағытталған жаңа шешімдер мен технологияларды енгізу арқылы әлемдік нарықта өз позициясын нығайтты. Бүгінгі қарқыны күшті заманда Қауымдастықтың нарықта бәсі жоғары болып қала береді деген сенімдеміз. Бәсекеге қабілеттілікті жоғалтпай, ұлы көштен қалмай дами беріңіздер!
Қауымдастық ұжымына мол табыс тілейміз! Қолға алған жобаларыңыз сәтті жүзеге ассын!
