KAZENERGY қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай құттықтаймыз!
«KMG PetroChem» компаниясының ұжымы
KAZENERGY қауымдастығын мұнай-газ және энергетика саласының тұрақты дамуына 20 жыл бойы табысты қызмет етіп келген мерейтойымен шын жүректен құттықтайды.
Осы уақыт ішінде Қауымдастық мемлекет, бизнес және кәсіби орта арасындағы сындарлы диалог платформасына айналып, салалық саясатты қалыптастыру, заңнамалық бастамаларды әзірлеу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында маңызды серіктес ретінде танылды.
Біздің мұнай-газ химиясы саласындағы өзара іс-қимылымыз, соның ішінде салалық заңнаманы әзірлеуге бірлесіп қатысуымыз, бизнес, мемлекет және сарапшылар қауымдастығы күш-жігерінің тоғысуы саланың ұзақ мерзімді дамуы үшін айрықша маңызды екенін дәлелдейді. Біз бірлескен жұмыстың стратегиялық жобаларды жеделдетуге, технологиялық жаңғыртуға, жергілікті өндірістерді күшейтуге және халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге ықпал ететініне сенімдіміз.
Алдағы онжылдық Қауымдастық үшін жаңа жетістіктердің, саланы нығайтудың, отандық мамандардың біліктілігін арттырудың және табысты әріптестіктің жарқын кезеңі болсын!
KAZENERGY қауымдастығына шабыт, серпінді даму және жаңа биіктер тілейміз!
Құрметпен,
KMG PetroChem ұжымы
