top
top
Жаңалықтар

Салалық атласты құру бойынша Форсайттың алдын ала нәтижелерін таныстыру туралы

2020 жылғы 5 тамызда сағат 12.00-де «KAZENERGY» қауымдастығы BTS Education ЖШС-мен бірлесіп видеоконференция (ВКБ) өткізді, онда мұнай-газ саласындағы Форсайттың алдын ала нәтижелері ұсынылды.

ВКБ-ға кәсіпорындардың салалық сарапшыларының қатысуымен мұнай-газ кәсіпорындарынан (барлау, өндіру (бұрғылау), тасымалдау (сақтау), қайта өңдеу (өткізу), білім беру ұйымдарынан (ЖОО мен колледждер) және кәсіподақтардан, зерттеу және жобалау институттарынан 60-қа жуық сарапшы қатысты.
В течение 4-х дней технологического Форсайта, которая прошла в период с 14 по 17 июля т.г. группа отраслевых экспертов провели «мозговой штурм» о технологическом и профессиональном будущем нефтегазовой отрасли (тренды, проблемы, востребованные профессии).

Ағымдағы жылдың 14-17 шілде аралығында өткен технологиялық Форсайттың 4 күні ішінде салалық сарапшылар тобы мұнай-газ саласының технологиялық және кәсіби болашағы туралы (трендтер, проблемалар, сұранысқа ие мамандықтар) ой-талқы өткізді.

Осылайша, Форсайттың алдын ала нәтижелері 34-ке жуық мамандықты көрсетіп, саланың 5 трендін анықтады:
  1. Қазақстанда шикізат базасының нашарлауы;
  2. Жаһандық экономикалық трендтердің әсері;
  3. Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің технологиялық трансформациясы;
  4. Сала қызметкерлерінің кәсібилігіне қойылатын талаптардың өсуі;
  5. Қазақстандағы мұнай-газ саласы және әлеуметтік өзгерістер.
Өз кезегінде, сарапшылар жаңа мамандарды даярлау бұрынғы кәсіптердің тәжірибесі мен жетістіктеріне негізделуі керек екендігін, сондай-ақ олар инженер-геофизик, АТ саласындағы кен орындарын игеру жөніндегі инженер, петрограф, маркшейдер, мұнай жабдықтары жөніндегі инженер-механик сияқты мамандықтардың жетіспейтінін атап көрсетті.
Сонымен қатар, сарапшылар болашақта жаңа мамандықтар бойынша мамандарды сертификаттау, білім беру жүйесінде мамандықтарды оқшаулау және интеграциялау, кәсіпорын мамандарын қайта оқыту туралы мәселелерді көтерді.

ВTS Education ЖШС директоры Саясат Нұрбек әзірленіп жатқан салалық Атлас кәсіптік диагностикалық құрал ретінде, сондай-ақ кәсіптердегі болжау жүйесін жақсартуда қолдануға болатын қолданбалы құралға айналатынын атап өтті. Қазіргі уақытта BTS Education EduNavigator.kz кәсіби бағдар беру қызметін әзірледі, ол ғылыми сыналған құралдар мен өзекті деректер базасы (ЖОО, мамандықтар, тренингтер мен бос орындар) базасында кәсіби даму мен білім берудің жеке траекториясын саналы түрде жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде сервис «Жаңа кәсіптер атласы» жобасының кәсіптерін қоса алғанда, 200-ден астам перспективалы мамандықтардың каталогын қамтиды және үнемі жаңа кәсіптер мен құзыреттермен толықтырылып отырады. Әрбір кәсіптің парақшасы кәсіптің сипаттамасын, оны игерудің білім беру траекториясын (білім деңгейі, мамандығы), осы кәсіптегі және компаниялардағы белгілі тұлғалар (әлеуетті жұмыс берушілер) туралы ақпаратты қамтиды.

ВКБ соңында ARG Group ЖШС жобасының басшысы Олег Мецик оқу бағдарламаларын/жоспарларын әзірлеу кезінде негіз ретінде кәсіптерді оқшаулау бағдарламасы әзірленетінін хабарлады. Жаңа мамандықтарға басымдық беру және енгізу жұмыстары ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлауды жүргізетін жоғары оқу орындары мен колледждермен бірлесіп жалғастырылатын болады.

Салалық атласты құру жөніндегі жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «KAZENERGY» қҚауымдастығы, «BTS Education» ЖШС және «ARG Group LTD» ЖШС арасында қол қойылған Салалық атласты әзірлеу мақсатында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырылады.
Анықтама: 2019 жылғы желтоқсаннан бастап “KAZENERGY» қауымдастығы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен “BTS Education” ЖШС-мен бірлесіп салалық кәсіптер атласын әзірлеу жөніндегі жобаға белсенді түрде тартылды.

Жобаның барлық кезеңдерінде ҚР Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін департаменттерінің басшылары, негізгі мұнай-газ компаниялары мен кәсіпорындарының (барлау, өндіру (бұрғылау), тасымалдау (сақтау), қайта өңдеу (өткізу)), мұнай сервистік кәсіпорындарының менеджерлері мен жетекші мамандары, KAZENERGY мүшелері мен серіктестері, сала ардагерлері, білім беру ұйымдарының (ЖОО, колледждер) және кәсіптік одақтардың өкілдері тартылды. 40 кәсіпорынның 200-ден астам адамы онлайн-сауалнамаға қатысты, 11 жетекші маманмен, мұнай-газ саласының топ-менеджерлерімен терең сұхбат жүргізілді, 60-тан астам сарапшы Skills Technology Foresight әдіснамасы негізінде “ҚР Мұнай-газ саласын форсайт-болжау негіздері» тақырыбында оқудан өтті және технологиялық форсайтқа қатысты.

KAZENERGY «BTS Education» ЖШС-мен бірлесіп бірқатар мақала дайындады, олар: « Болашаққа қадам: мұнай-газ саласындағы жаңа мамандықтар атласын әзірлеу барысы туралы» KAZENERGY ақпараттық-талдамалық журналының #1 (98) 2020 басылымында және «Қазақстандық мұнай саласының болашағы қандай: Форсайттың алғашқы қорытындылары», #3 (99) 2020 басылымында, «Мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлаудың жаңа шындықтары» www.kazenergy.com сайтында жарияланды.


фото-1-ФС-Атлас@.jpg

фото-2-ФС-Атлас@.jpg

1-фото-ФС-Атлас@.jpg

3-фото-6-ФС-Атлас@.jpg

фото-9-ФС-Атлас@.jpg

4-фото-7-ФС-Атлас@.jpg

фото-8-ФС-Атлас@.jpg

2-фото-фс-атлас@.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.