top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge-Junior» байқауы финалының қорытындысы

«KAZENERGY» қауымдастығы және Шелл Қазақстан компаниясы атынан «Student Energy Challenge-JUNIOR» байқауын ұйымдастырушылар ү.ж. 23-24 қыркүйекте онлайн режимде 18 команданың қатысуымен Қазақстан Республикасы бойынша колледж оқушылары арасында бірінші байқаудың финалын өткізді.

«Student Energy Challenge-JUNIOR» байқауын ұйымдастырушылар 2017 жылдан бастап ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында жүзеге асырылып жатқан «Student Energy Challenge» байқауының бес жылдық мерейтойына орай ұйымдастырғаны белгілі.
Байқау тақырыптары энергетика, мұнай-газ және тау-кен өндіру саласы, қоршаған ортаны қорғау және экологияны қамтитын идеяларды әзірлеуге бағытталған.
Финал қарсаңында командалардың сөйлеу тәртібін анықтау үшін онлайн-жеребе тарту өткізілді.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына Шелл Қазақстан компаниясының өкілдері және өткен жылдардағы "Student Energy Challenge" байқауының жеңімпаз командаларының капитандары кірді.

Талқылау қорытындысы бойынша 2021-2022 оқу жылы ішінде ай сайынғы жүлде қоры бар «Student Energy Challenge-JUNIOR» бірінші маусымының келесі жеңімпаз командалары анықталды:
  • 1-орын – І.Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университетінің «Zhansugurov college» командасы, 40 000 теңге;
  • 2-орын – «Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі» ШЖҚ МКК «Spark» командасы, 35 000 теңге;
  • 3-орын – «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК «Ecochem project» командасы, 30 000 теңге.
Байқау туралы толық ақпарат www.kazenergy.com – Білім беру бағдарламасы- Командалық байқаулар сайтында.

Командаларды жеңіске жетулерімен құттықтаймыз!
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.