top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» және «Student Energy Challenge-Junior» 2022 маусымының анонсы

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінің назарына!
KAZENERGY қауымдастығы мен «Шелл Қазақстан» компаниясы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтетін жыл сайынғы «Student Energy Challenge» зияткерлік байқауының және колледж оқушылары арасында өтетін «Student Energy Challenge-Junior» зияткерлік байқауының (бұдан әрі – Байқау) жаңа маусымының басталғаны туралы жариялайды.

"Student Energy Challenge "және" Student Energy Challenge-Junior " - бұл энергетика, мұнай-газ және тау-кен өндіру салалары, қоршаған ортаны қорғау/экология салаларын қамтитын идеяларды әзірлеуге бағытталған, қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасуға арналған бірегей платформа. Байқау аясында қатысушылар "Shell NXplorers" авторлық тренингіне қатыса отырып, сыни ойлау және сценарийлік жоспарлау дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндік алады.


Жоғары оқу орындары мен колледждер арасындағы жеңімпаз командаларға өз жобаларын одан әрі әзірлеу үшін грант беріледі.

Байқау туралы толық ақпаратты www.kazenergy.com – Қызметі - Білім беру бағдарламасы - Student Energy Challenge/Student Energy Challenge-Junior сайтынан алуға болады!

Байқау мәселелері бойынша мына тел/e-mail хабарласуға болады:
+7 717 2 79-01-82
sech2022@kazenergy.com, junior2022@kazenergy.com
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.