top
top
Жаңалықтар

Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен оқуға конкурстық іріктеу туралы (NCOC N. V., KPO B. V. компанияларының қаражаты есебінен білім беру гранттары)

2022 жылғы 7 шілдеде бейне-конференц–байланыс арқылы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімге және Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге (бұдан әрі-конкурстық іріктеу) сәйкес мердігерлер бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы өтті.

Комиссия шешімімен конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау күні белгіленді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін ағымдағы жылғы 15 шілдеден 31 тамызға дейінгі кезеңде grant.kazenergy.com сайтында5ы электрондық өтінімді толтыру қажет.

Толық ақпаратпен www.kazenergy.com (қызметі – білім беру бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен оқыту (білім беру гранттары NCOC N. V., KPO B. V. компанияларының қаражаты есебінен) сайтына кіріп қарауға болады немесе 8 (7172) 79-49-75, 8 (708) 210 32 42 телефон нөміріне, сондай-ақ candidate@kazenergy.com эл. мекенжайына хабарласуға болады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.