"Student Energy Challenge-Junior" байқауын ұйымдастырушылар командалық байқаудың 2022 жылғы 23-24 тамызда онлайн режимінде өтетін алдағы финалдық кезеңі туралы хабарлайды. Финал қарсаңында командалардың өнер көрсету тәртібін анықтау үшін онлайн-жеребе тарту рәсімі өтеді.
Конкурстың финалдық кезеңінде өз жобаларымен 11 колледжден Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Орал, Атырау, Талдықорған, Семей қалаларынан 14 команда шақырылды.
Конкурс колледж студенттеріне цифрландыру, жаңартылатын және баламалы энергетика; ресурстарды тұрақты пайдалану және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту; қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу және т. б. салаларда өздерінің инновациялық идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді.
Колледждер арасындағы жеңімпаз командаларына өз жобаларын одан әрі әзірлеу үшін грант беріледі.
Анықтама: KAZENERGY қауымдастығы 2017 жылдан бастап "Шелл Қазақстан" компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылық қолдауымен өткізетін "Student Energy Challenge" зияткерлік байқауы шеңберінде (ұйымдастырушылар) колледж оқушылары арасында "Student Energy Challenge-Junior" екінші маусымы өтіп жатыр.
Конкурс туралы толығырақ мына сайтта:
www.kazenergy.com - Білім беру бағдарламасы - Командалық байқаулар
Командаларға сәттілік тілейміз!