top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge-JUNIOR» конкурсы финалының қорытындысы

«KAZENERGY» қауымдастығы және Шелл Қазақстан компаниясы атынан «Student Energy Challenge-JUNIOR» байқауын ұйымдастырушылар ағымдағы жылғы 23-24 тамызда онлайн режимде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Орал, Атырау, Талдықорған, Семей қалаларынан келген 11 колледждің 14 командасының қатысуымен Қазақстан Республикасы бойынша колледж оқушылары арасында «Student Energy Challenge-JUNIOR» байқауының екінші маусымының финалын өткізді.

Конкурстың тақырыптары энергетика, қоршаған ортаны қорғау, экология және цифрландыру салаларын қамтитын идеяларды әзірлеуге бағытталған.
Финал қарсаңында командалардың өнер көрсету тәртібін анықтау үшін онлайн-жеребе тарту өткізілді.
Конкурстық қазылар алқасының құрамына Шелл Қазақстан компаниясының өкілдері және өткен жылдардағы «Student Energy Challenge» байқауының жеңімпаз командаларының капитандары кірді.

Талқылау қорытындысы бойынша «Student Energy Challenge-JUNIOR» екінші маусымының келесі жеңімпаз командалары анықталды, оларға өз жобаларын зерттеуге грант ұсынылды:

«Student Energy Challenge-JUNIOR» 2022 ж.: жеңімпаз командалар
  • «IT ZH» Zhansugurov College командасы - І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің колледжі, г. Талдыкорган;
  • «EcoLife» командасы - Геологиялық барлау колледжі КМҚК, Семей қ.;
  • «Selestials of Zhansugurov college» командасы - І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің колледжі, Талдықорған қаласы.
Конкурс туралы толық ақпарат www.kazenergy.com сайтында - Білім беру бағдарламасы - Командалық байқаулар.

Поздравляем команды с победой!

2.jpg

1.jpg

4.jpg

3.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.