top
top
Жаңалықтар

«Shell NXplorers» онлайн тренингісін өткізу туралы аңдатпа

2023 жылғы 5–6 маусымда Қазақстанның 21 ЖОО-дан 80 команда «Шелл Қазақстан» компаниясынан сертификатталған тренерлер дайындаған «Shell NXplorers» сыни ойлау дағдыларын дамыту бойынша Zoom платформасында тренингке қатысады.

2017 жылдан бастап 450-ден астам адам «Shell NXplorers» бағдарламасы бойынша оқудан өткен. Жыл сайынғы екі күндік «Shell NXplorers» бағдарламасы қатысушыларға жүйелік ойлау дағдыларын жетілдіру, сценарийлік жоспарлау арқылы тұрақты даму концепциясын түсінуге, сондай-ақ көшбасшылық сапасын дамытуға мүмкіндік береді.

Биыл тренинг бағдарламасына міндеттерді дұрыс қалыптастыру құралдары, командадағы және есепті топтардағы жұмыс кіреді. Тренингке қатысқандығы үшін командаларға 3 балл беріледі және «Shell Nxplorers» сертификаты беріледі.

Ағымдағы жылғы 16 мамыр мен 16 шілде аралығындағы кезеңде командаларға энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бағыттары бойынша жобалар паспорттарын әзірлеу қажет.

2017 жылдан бастап 40 қазақстандық ЖОО-дан 422 команда қатысты, 1000-нан астам студент, оның ішінде 635 қыз бала және 904 ер бала байқау қатысушысы болды.

conc_j.jpg

Анықтамалық: 2017 жылдан бастап «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен әріптестікте және қаржылық қолдауымен «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауын өткізіп келе жатыр.

Командаларға сәттілік тілейміз!

Байқау туралы толығырақ
https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.