Байқаудың ұйымдастырушылары - «KAZENERGY» қауымдастығы мен «Шелл Казахстан» компаниясы ҚР ЖОО студенттері арасындағы «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауының сегізінші маусымына өтінімдерді қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.
Байқауға тіркелу а.ж. 8 сәуірі мен 31 мамыры аралығында
www.kazenergy.com сайтында жүзеге асырылды. Байқауға еліміздің 11 өңірінен 26 ЖОО-ның 73 командасы тіркелді.
- Астана
-
Алматы
-
Ақтөбе
-
Атырау
-
Қарағанды
-
Көкшетау
-
Павлодар
-
Орал
-
Тараз
-
Талдықорған
-
Шымкент
Командалар Байқаудың 2-кезеңіне өтіп, энергетика, энергетика саласындағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласындағы жобалау жұмыстарын әзірлеуге кірісті.
Жоба жұмысын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жіберудің соңғы мерзімі – 2024 жылғы 15 шілде. Жоба жұмыстарын әзірлеу барысында командалар экономика және экология саласындағы сарапшылардан жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесін жасау, жобаға ESG қағидаттарын қолдану және жоба жұмыстарының презентацияларын дайындау, өзін-өзі таныстыру және көпшілік алдында сөйлеу бойынша кеңес алады.
Сондай-ақ Байқау аясында барлық командалар Student Energy Challenge демеушісі «Шелл Қазақстан» компаниясының Shell NXplorers сыни ойлау және мәселелерді кешенді түрде шешу бойынша тренингке қатысады.
Байқаудың 8-маусымына қатысушыларды қуана қарсы аламыз және барлық командаларға сәттілік тілейміз!
Командалардың толық тізімі
1. «Dataflow», «EnergyDrones AI» (Астана IT университеті);
2. «Coil Soil», «SolarMotion», «GreenCoulCard», «EcoRevive», «Mega Mi», «TechEvolution» (Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті);
3. «ТТ», «Eco Innovation» (К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті);
4. «WindSoul», «Green team», «ElectoIN», «R&D EnergyTech Solutions» (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті);
5. «High Voltage», «EnergyFusion», «PetroMiners», «Dream team» (С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті);
6. «Океанид», «Castling», «LoRaLight», «ЭКО-альянс» (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті);
7. «7.PRO», «Idealists» (І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті);
8. «Zhangir Khan Tech Unity», «Стекло», «Ecology», «Team_Bio» (Жәңгір-хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті);
9. «Narek « (Инновациялық Еуразия университеті);
10. «GeNiUS» (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті);
11. «Polytech Energy» (К.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті);
12. «Болашак», «KazGidro», «AquaScience» (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті);
13. «META TEAM» (Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті);
14. «Dronette», «AQUASAVE», «Quake Champions», «BadMobil», «Kompaniya», «Almatushechka Team», «HydroLogic», «AlmaOil», «Agrar.ai», «AlmaValley», «Petro Elite», «Divergents» (Қазақстан-Британ техникалық университеті);
15. «Экоэнерджи» (А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті);
16. «MG Team» (Логистика және көлік академиясы);
17. «Дулати жастары», «Seekers of Wealth», «GlideGen», «RootRice», «FlowForce», «LasMate» (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті);
18. «Жас маман», «Экоболашақ» (М. Ауэзов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті);
19. «Water Cleaners» (Халықаралық білім беру корпорациясы);
20. «Тұран», «Enigma», «Эко-Топ» (Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті);
21. «Greenbear», «Cleanupair» (Астана халықаралық университеті);
22. «acta, non verba», «Tech Nomads» (Назарбаев университеті);
23. «TEAMCARE», «Green guys», «Im Grünen Gebiet» (С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті);
24. «KDA» (КИМЭП университеті);
25. «Chum Bucket», «No Rival», «EcoVolution» (Нархоз университеті);
26. «N1Racing team» (Сүлейман Демирель атындағы университеті).