top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» байқауының 8-маусымына қатысушы командалар үшін тренингтер өткізілді

«Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары «KAZENERGY» қауымдастығы мен «Шелл Қазақстан» компаниясы ағымдағы жылғы 18-26 маусым аралығында байқаудың 2-кезеңіне қатысушы командалар үшін онлайн тренингтер сериясын өткізді.
Тренингтердің мақсаты жобалардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін жасау, жобада ESG қағидаттарын қолдану, сондай-ақ презентациялар дайындау және көпшілік алдында сөйлеу кезінде командаларға кеңес беру болып табылады.

Шақырылған мамандар стартап жобаларды іске асыру және оларды масштабтау бойынша тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ экологиямен, әлеуметтік жауапкершілікпен байланысты ESG қағидаттары (Environmental, Social, Governance) туралы айтып берді және т.б.

Бүгінгі күні командалар ағымдағы жылғы 15 шілдеге дейін энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласындағы байқау бағыттары бойынша жобалық паспорттарын әзірлеу жұмыстарын жалғастыруда.

Командалардың жобалық жұмыстары 2024 жылғы 20 шілде мен 12 тамыз аралығында тәуелсіз сараптамаға жіберіледі, оның қорытындысы бойынша финалист командалар анықталады.

Шақырылған спикерлер: М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетінің оқытушысы Беймурзинов Дәулет, Chapter Zero Kazakhstan қоғамдастығының мүшесі Құралханов Дархан, Назарбаев Университетінің NURIS бизнес-инкубаторының жетекшісі Асылжан Упашева.

Байқау туралы барынша толық ақпаратпен https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша танысуға болады.

msg530479817-7342.jpg

msg530479817-7343.jpg

msg530479817-7344.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.