«Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары 2024 жылғы 20 шілде мен 12 тамыз аралығында энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бағыттары бойынша командалар жобаларының паспорттарына тәуелсіз сараптама жүргізілген байқаудың 3-кезеңінің аяқталғанын хабарлайды.
Командалық жұмыстарға сараптаманы тиісті бағыттар бойынша сала мамандары конкурстық критерийлерді ескере отырып жүргізді: жоба тақырыбының өзектілігі, жобаны іске асыру кезінде экономикалық және экологиялық негізділіктің, тұтыну тобының болуы және т. б.
Сараптамалық топ жұмысының қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар 2024 жылғы 25-26 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін 29-шы Халықаралық «Мұнай және Газ» көрмесі мен конференциясының алаңында өтетін байқау финалына қатысу үшін 33-тен астам сараптамалық баға алған ҚР ЖОО-ның 35 командасының 14-ін анықтады:
«Энергетика» бағыты бойынша:
1️⃣«R&D EnergyTech Solutions», Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ.;
2️⃣«SolarMotion», Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ.;
3️⃣«Тұран», Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, Алматы қ.
«Энергетикадағы жаңа технологиялар» бағыты бойынша:
4️⃣«LoRaLight», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, Астана қ.;
5️⃣«Zhangir Khan Tech Unity», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ.;
6️⃣«EnergyDrones AI», Astana IT University, Астана қ.
«Экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту» бағыты бойынша:
7️⃣«Dronette», Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қ.;
8️⃣«Mega Mi», Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қараганды қ.;
9️⃣«AQUASAVE», Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қ.;
????«N1Racing team» Сулейман Демирель атындағы университет, Алматы қ.
«Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу» бағыты бойынша:
1️⃣1️⃣«Жас маман», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ.;
1️⃣2️⃣«7.PRO», І.Жансүгіров атындағы Жетысу университеті, Талдықорған қ.;
1️⃣3️⃣«Narek», Инновациялық Еуразиялық университеті, Павлодар қ.;
1️⃣4️⃣«KDA», КИМЭП университеті, Алматы қ.
Командаларға сәттілік тілейміз! «Student Energy Challenge» байқауының ұйымдастырушылары - KAZENERGY қауымдастығы және Шелл Қазақстан. Байқау туралы барынша толық ақпаратпен
https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ сілтемесі бойынша танысуға болады.