top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» байқауының финалы туралы аңдатпа

2024 жылғы 25-26 қыркүйекте 29-шы Халықаралық Көрме және «Мұнай және Газ» конференциясы аясында «Student Energy Challenge» байқауының 8-маусымының финалы өтеді.

Байқау финалына ҚР 12 жоғары оқу орындары мен 8 өңірден 14 команда шақырылып, барлық іріктеу кезеңдерінен сәтті өтті.

Командалардың жобалық жұмыстарын бағалау үшін байқаудың финалына қазылар алқасының құзыретті мүшелері, энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу салаларының өкілдері, сондай-ақ «Шелл Қазақстан» компаниясының, «KAZENERGY» қауымдастығының басшылары мен сарапшылары шақырылды.

Ағымдағы жылы байқаудың жалпы сыйлық қоры 7 050 000 теңгені құрайды.
Өткізу орны: Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО, 11-павильон, Тимирязев к-сі, 42.

14 команда тізімі:
  1. «Жас маман», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қаласы;
  2. «7.PRO», І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қаласы;
  3. «LoRaLight», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана қаласы;
  4. «Narek», Инновациялық Еуразиялық университеті, Павлодар қаласы;
  5. «KDA», КИМЭП Университеті, Алматы қаласы;
  6. «R&D EnergyTech Solutions», Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қаласы;
  7. «SolarMotion», Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қаласы;
  8. «Zhangir Khan Tech Unity», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы;
  9. «EnergyDrones AI», Astana IT University, Астана қаласы;
  10. «Dronette», Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қаласы;
  11. «Mega Mi», Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қаласы;
  12. «Тұран» Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, Алматы қаласы;
  13. «AQUASAVE», Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қаласы;
  14. «N1Racing team», Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қасқелен қаласы.

Командаларға сәттілік тілейміз!

Анықтама ретінде:
«Student Energy Challenge» байқауын 2017 жылдан бастап KAZENERGY қауымдастығы Шелл Қазақстан компаниясымен әріптестікте және қаржылық қолдауымен өткізіп келеді.
Байқау туралы толық ақпаратпен мына сілтеме https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/ бойынша танысуға болады.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.