Жалпы, ҚР 12 жоғары оқу орындары мен 8 өңірден 14 команда шақырылды. Командалардың жобалық жұмыстарын қазылар алқасының құзыретті мүшелері, энергетика, энергетикадағы жаңа технологиялар, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу салаларының өкілдері, сондай-ақ «Шелл Қазақстан» компаниясының, «KAZENERGY» қауымдастығының басшылары мен сарапшылары бағалайды. Ағымдағы жылы байқаудың жалпы сыйлық қоры 7 050 000 теңгені құрайды.
Іс-шара барысында қатысушылар алдында KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов және "Шелл" концернінің Қазақстандағы төрағасы Әли Әл-Жанаби сөз сөйледі. Олар командаларға сәттілік тіледі.
Өткізу орны: Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО, 11-павильон, Тимирязев к-сі, 42.
Командалар тізімі:
- «Жас маман», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қаласы;
- «7.PRO», І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қаласы;
- «LoRaLight», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана қаласы;
- «Narek», Инновациялық Еуразиялық университеті, Павлодар қаласы;
- «KDA», КИМЭП Университеті, Алматы қаласы;
- «R&D EnergyTech Solutions», Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қаласы;
- «SolarMotion», Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қаласы;
- «Zhangir Khan Tech Unity», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы;
- «EnergyDrones AI», Astana IT University, Астана қаласы;
- «Dronette», Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қаласы;
- «Mega Mi», Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қаласы;
- «Тұран» Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, Алматы қаласы;
- «AQUASAVE», Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қаласы;
- «N1Racing team», Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қасқелен қаласы.
Командаларға сәттілік тілейміз! Байқау қорытындысы ертең, 26 қыркүйекте шығарылады.
Анықтама: «Student Energy Challenge» байқауын 2017 жылдан бастап KAZENERGY қауымдастығы Шелл Қазақстан компаниясымен әріптестікте және қаржылық қолдауымен өткізіп келеді.
