top
top
Жаңалықтар

"STUDENT ENERGY CHALLENGE" байқауының жеңімпаздары белгілі болды

  1. «7.PRO», І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ.;
  2. «EnergyDronesAI», Astana IT University, Астана қ.;
  3. «LoRaLight», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ.;
  4. «Dronette», Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қ.;
  5. «Narek», Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар қ.

Қазылар алқасының төрағасы - Қашаған жобасының бас менеджері Нилс Дейксман өз сөзінде атап өткендей, биылғы жылдың ерекшелігі - үш команданың орнына бес команданы марапаттау болып табылады. Бұл барлық ұсынылған жобалардың жоғары деңгейін көрсетеді.

Жеңімпаздар энергетика, экология және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту бағыттары бойынша зерттеулер жүргізуге 2 350 000 теңге көлемінде грант иегерлері атанды.

Біз әріптесіміз және демеушіміз — Шелл Қазақстан компаниясына тұрақты қолдауы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз, соның арқасында бұл байқау одан әрі дамып, жас мамандар арасында инновацияларды ынталандырады. Барлық қатысушыларды, әсіресе байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және ең өршіл идеяларды жүзеге асыруда табыс тілейміз!

Анықтама: «Student Energy Challenge» байқауын 2017 жылдан бастап KAZENERGY қауымдастығы Шелл Қазақстан компаниясымен әріптестікте және қаржылық қолдауымен өткізіп келеді.

5452128543669609182.jpg

5452128543669609154.jpg

5452128543669609157.jpg

5452128543669609155.jpg

5452128543669609183.jpg

5452128543669609156.jpg

5452128543669609153.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2025 © Барлық құқықтар сақталған.