top
top
Жаңалықтар

2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы

2019 жылғы 28 наурызда «KAZENERGY» қауымдастығы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алаңында 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді

Отырысқа құрамы Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиясының отырысында бекітілген Жұмыс тобының мүшелері: ҚР Энергетика министрлігі, «KAZENERGY» қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «НГСК ҚазСтройСервис» АҚ, «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, NCOC, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС, «Урихтау Оперейтинг» ЖШС, «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС кәсіподақ ұйымы, «Великая стена» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС кәсіподақ ұйымы» ҚБ, «Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ кәсіподақ комитеті, «Бұрғылау» жергілікті жұмыскерлер кәсіподағы» ҚБ, «Өзенмұнайгаз» жергілікті жұмыскерлер кәсіподағы» ҚБ қатысты.

Уәкілетті мемлекеттік органның атынан алғы сөзбен ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б.Маханов сөз сөйледі. Сонымен қатар Жұмыс тобының үйлестірушісі - «KAZENERGY» қауымдастығы атынан «KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Л.Ахмурзина Жұмыс тобының алдағы уақыттағы жұмысы туралы сөз етті.

Жұмыс тобының мүшелері болып Төрағасы – ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Б.Жақсылықов, Тең төрағалар болып - «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы К. Примкулов, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ еңбек ресурстары департаменті директорының орынбасары Т. Шунукова тағайындалды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетнің доценті, Ph.D, ҚР Заңнама институтының жетекші ғылыми қызметкері, Еңбек және корпоративтік құқықты ғылыми зерттеу институтының директоры М.Хасенов «Әлеуметтік әріптестік еңбек қатынастарын реттеу тетігі ретінде: шетелдік тәжірибе және Қазақстан практикасы» атты өзекті тақырыппен сөз сөйлеп, Жұмыс тобы мүшелерінің барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Жұмыс тобының мүшелері 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісім жобасына келіп түскен ұсыныстарды талқылады. Жұмыс тобы жалпы мәселелер, еңбек ақысы, ЕҚжҚ сияқты 3 бағыт бойынша бөлінді. Жұмыс топтың келесі отырысы ағымдағы жылдың сәуір аяғында жоспарлануда.

IMG_2507_.jpg

IMG_2494_.jpg
Астанада RES EXPO 2026
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.