top
top
Жаңалықтар

StudentDigitalFest байқауына тіркелген командалар туралы

KAZENERGY қауымдастығы (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. демеушілік қолдауымен іске асырылатын StudentDigitalFest (бұдан әрі - Байқау) байқауына қатысуға тіркеу нысанын жабу туралы хабарлайды.

2019 жылғы 24 қыркүйек пен 3 қараша аралығындағы кезеңде Ұйымдастырушы Байқау талаптарына сәйкес StudentDigitalFest байқауына Қазақстанның техникалық ЖОО студенттік командаларынан өтінімдерді қабылдады.

Байқауға 61 командадан өтінім келіп түсті, олардың ішінде байқаудың барлық шарттарына Қазақстанның 9 өңірінен және 18 ЖОО келген 44 команда сәйкес келді.

Байқау талаптарына сәйкес команданы құрып, www.kazenergy.com сайтында орналасқан техникалық тапсырмалардан тақырыптарды таңдау қажет болды.
Қазіргі уақытта қатысуға өтінім берген командаларға Байқау тақырыбына сәйкес шешімдер жобаларының паспортын әзірлеуге кірісу қажет.

Жоба паспорты байқау туралы ережеге 1-қосымшада келтірілген үлгіде әзірленеді (www.kazenergy.com қарау).
Әр команда бір тақырып бойынша бір ғана шешім әзірлей алады.

Шешімдер жобаларының паспорттарын беру мерзімі 2019 жылғы 27 желтоқсанға дейін, паспорттар sdf@kazenergy.com электронды мекенжай бойынша жіберіледі.

Техникалық тапсырмаларға сәйкес технологиялық шешімдерді әзірлеу мәселелері бойынша төмендегі байланыстар бойынша байланысуға болады.
Бекниязов Ермек, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясының Бастамаларды дамыту жөніндегі кеңесші, тел: +7 701 687 60 77, e-mail: BekniY@kpo.kz
Байқауды ұйымдастыру мәселелері бойынша: +7 717 2 79-01-74 (Бейсенова Зәуреш) немесе sdf@kazenergy.com бойынша жолығуға болады.

StudentDigitalFest байқауына өткен командалар тізімі:

ЖОО атауы

Командалар атауы

1.Нұр-Сұлтан қаласы

1.  

Қазақ технология және бизнес университеті

1.«Gazoil»

2.

Назарбаев Университеті

2.«Kimberlite»

3.«Ninja Turtles»

4.«Well done»

3.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық техникалық университеті

5.«Digital Chaos»

6.«DIGITALKAZATU»

7.«IT Creations»

2.     Алматы қаласы

4

Алматы технологиялық университеті

8.«Hello Word»

9.«IT univer»

10.«Renaissance»

5

Алматы энергетика және байланыс университеті

11.«Makers»

12.«Cosmos2»

6

Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

13.«Fenix»

14.«Oxygen»

15.«SmartPetroSoft»

16.«Up-Stroke»

7

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

17.«Scarlet»

8

Қазақстан-Британ техникалық университеті

18.«AIIS»

19.«Big three»

20.«Derbes»

21.«DIGITOIL»

22.«FEOGI»

23.«Keks online»

24.«Star Engine»

25.«Tunders»

26.«Young Innovators»

9

Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті

27.«Four Horsemen of the Apocalypse»

28.«INO District»

10

Сулейман Демирель атындағы университет

29.«East»

 

3.     Шымкент қаласы

11

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

30.«SpecKazOil»

31.«СпецМунайгаз»

 

4.     Атырау облысы

12

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

32.«Crytek»

33.«Quadra»

34.«Защита»

35.«Файтинг4»

 

5.     Ақтөбе облысы

13

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

36.«Squad Drillers»

37.«West Wolves»

 

6.     Батыс Қазақстан облысы

14

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

 

38.«In team»

39.«Forward»

 

7.     Қызылорда облысы

15

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

40.«DigitalFuture»

 

8.     Қарағанды облысы

16

Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті

41.«Indigos»

42.«КЭУ Digital»

17

Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық университеті

43. «Philosophical stone (философ тасы)»

 

9.     Павлодар облысы

18

Инновациялық Еуразия Университеті

44.«techIT»


Білім беру бағдарламалар департаменті
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.