top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» байқауына қатысушы командалардың  «Shell NXplorers» онлайн-тренингке қатысуы туралы

2020 жылғы ақпанда басталған, жалпы сыйлықақы қоры 18 мың АҚШ долларын құрайтын «Student Energy Challenge» байқауы (Байқау) қалыптасқан ғаламдық жағдайға қарамастан «Shell NXplorers» тренингті қамтитын келесі кезеңдерін жоспарлы түрде жалғастырады.

Бүкіл ел бойынша қашықтан оқыту тәртібін ескере отырып және Байқауға қатысушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау шараларын сақтау мақсатында, ұйымдастырушылар байқау шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді және Байқаудың барлық кезеңдерін қашықтан жүргізу режиміне көшіру туралы шешім қабылдады.

3-кезеңге барынша көбірек студенттік командаларды өткізу мүмкіндігі осы шешімнің артықшылығы болды. Осылайша, бірінші іріктеу кезеңінен кейін Қазақстанның 9 жоғары оқу орнынан 21 команда іріктеп алынды (Атырау, Ақтөбе, БҚО, Павлодар, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары).

Нәтижесінде қатысушы командалардың 70 өкілі 2020 жылғы 1-3 шілде аралығында «Shell NXplorers» сыни ойлау дағдыларын дамыту жөніндегі онлайн-тренингке қатысты.

«Shell NXplorers» тренингі қатысушыларға оң өзгерістерге қол жеткізу үшін құралдар мен әдіснаманы ұсына отырып, инновациялық ойлауды дамытуға арналған.

Тренинг барысында қатысушылар таныстыру, сыни ойлау, эмоционалдық интеллект және командаларда жұмыс істеу дағдыларын пысықтады. Проблемалар мен ынтымақтастықты шешу үлгісімен қатысушылар өзгерістерді зерделеу, құру және жүзеге асыруды үйренді.

Күрделі міндеттерді шешуге әзірленген жүйелі тәсіл командалардың жоба паспорттарын әзірлеу кезінде мақсатқа қол жеткізуге және оларды одан әрі қорғауға ықпал ететін болады.

Үш күндік тренинг аяқталған соң қатысушыларға «Shell NXplorers» сертификаты берілді.

Әр команда тренингке қатысқаны үшін қосымша 1 балл алады. Ү.ж. 25 маусымынан бастап командалар жоба паспорттарын әзірлеуге кірісіп кетті, паспорттар тәуелсіз сараптама жүргізу үшін Ұйымдастырушыға ү.ж. 15 тамызында ұсынылады.

Байқау туралы толығырақ мына сілтемеде:
https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/

Тренинг SECH .jpg

о-тренинге-2.jpg

о тренинге 3.jpg

о тренинге 4.jpg

о тренинге 5.jpg

о тренинге 6.jpg

о тренинге 7.jpg

о тренинге 8.jpg

о тренинге 9.jpg

о тренинге 10.jpg

о тренинге 11.jpg

о тренинге 12.jpg

о тренинге 13.jpg

о тренинге 14.jpg

о тренинге 15.jpg

о тренинге 16.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.