top
top
Жаңалықтар

«Student Energy Challenge» және «Student Energy Challenge-Junior» 2021 маусымы туралы анонс

«KAZENERGY» қауымдастығы мен «Шелл Қазақстан» компаниясы техникалық мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында «Student Energy Challenge» интеллектуалдық командалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) бесінші мерейтойлық маусымының басталғаны туралы жариялайды.

Биыл Байқау колледж студенттері қатысатын «Student Energy Challenge-Junior» компонентімен кеңейтілді.

Байқау «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып, оның қаржылық қолдауымен өткізіледі.

«Student Energy Challenge» энергетика, мұнай-газ және тау-кен өндіру салалары, қоршаған ортаны қорғау/экология салаларын қамтитын идеяларды әзірлеуге бағытталған.
Байқауға қатысушыларға Шеллдің – «Shell NXplorers» авторлық үшкүндік тренингіне қатысып, сыни ойлау және сценарий жоспарлау дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндік беріледі.

«Student Energy Challenge» байқауына қатысуға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқитын 18 бен 25 жас аралығындағы ЖОО студенттері шақырылады.

Команда үш адамнан бастап бес адамға дейінгі құрамда құрылады (әртүрлі мамандықтар мен оқу курстарына рұқсат етіледі). Әр ЖОО-дан бірнеше команда қатыса алады.

«Student Energy Challenge-Junior» байқауына қатысуға барлық оқу курстарының 16 мен 21 жас аралығындағы колледж студенттері шақырылады. Команда үш адамнан бастап төрт адамға дейінгі құрамда құрылады және қазақстандық колледждердің бірінің атынан өнер көрсетеді (әртүрлі мамандықтар мен оқу курстарына рұқсат етіледі).

ЖОО жеңімпаз командаларына өз мамандықтары бойынша Қазақстанның салалық кәсіпорындарында кәсіби кеңес беру, кәсіби диагностика және атақты кәсіпқойлардың менторлығы кіретін ақылы тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.

Колледждер арасындағы жеңімпаз командаларға 2021-2022 оқу жылына ай сайынғы стипендия беріледі.

Байқау туралы жаңалықтарды мына сайттан қараңыздар: www.kazenergy.com – Қызметтер – Білім беру бағдарламасы - Student Energy Challenge/Student Energy Challenge-Junior!

Байқауға қатысты сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады:
+7 717 2 79-01-74,
email: sech2021@kazenergy.com,
sech-junior@kazenergy.com
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.