top
top
Жаңалықтар

«Shell Nxplorers» онлайн-тренингін өткізу туралы

Жыл сайынғы «Student Energy Challenge» байқауы (Байқау) аясында «Shell NXplorers» тренингі өткізіледі. Ү.ж. 9-10 маусымда байқауға сәтті тіркелген 40 команданың өкілдері - 100-ден астам адамның қатысуымен екі күндік онлайн тренинг өткізілді.

Тренинг бағдарламасында жүйелі ойлау түрлерімен, мәселелердің кешенділігі ұғымымен танысу және есептерді анықтау және шешу үшін құралдарды қолдануға арналған топпен жүргізілетін интерактивті сессиялар қамтылды.

Тренинг бағдарламасы жүйелі ойлау дағдыларын, сценарийлік жоспарлауды, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерді дамыту арқылы қатысушыларда тұрақты даму тұжырымдамасы туралы терең түсінік қалыптастыруға көмектеседі.

«NXplorers» тәсілі STEM-ойлауды (STEM – ғылым, технологиялар, инжиниринг, математика) дамыта отырып, студенттерге оң әсер етіп қана қоймай, болашақ жас мамандарға олардың жобаларын іске асыру үшін қажетті құралдард ұсынады.

Тренинг қатысушыларының командаларына соңында 5 балл беріледі және барлық қатысушыларға «Shell NXplorers» сертификаты табысталады.

Байқаудың мерейтойы атап өтілетін жылы Байқаудың финалында жеңімпаз командалар кәсіби кеңес беруді, кәсіби диагностиканы және танымал кәсіпқойлардың тәлімгерлігін қамтитын Қазақстанның салалық кәсіпорындарында өз мамандығы бойынша ақы төленетін тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

2017 жылдан бастап «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып, оның қаржылық қолдауымен «Student Energy Challenge» интеллектуалдық командалық байқауын өткізіп келеді.

Командаларға сәттілік тілейміз!

Ұйымдастырушылар

Тренинг-Шелл-каз.яз.jpg

фото-1.jpg

фото-2.png

фото-3.jpg

фото-4.png

фото-5.png

фото-6.jpg

фото-7.jpg

фото-8.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.