top
top
Жаңалықтар

«StudentDigitalFest» 2022 маусым анонсы

Құрметті Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері!

KAZENERGY қауымдастығы “Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В” компаниясының демеушілігімен «StudentDigitalFest-2022» командалық байқауының үшінші маусымына студенттік командалардан 2022 жылғы 25 мамырдан бастап өтінім қабылдайтыны туралы жариялайды. Тіркелуге сілтеме: https://sdf.kazenergy.com/

«StudentDigitalFest» - студенттік топтардың зияткерлік әлеуетін іске асыруға және цифрландыру саласында технологиялық шешімдерді әзірлеуге арналған тиімді платформа.

Байқауға қатысуға 18-25 жас аралығындағы бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша барлық оқу курстарының студенттері шақырылады.

Командалар байқаудың келесі техникалық тапсырмаларының біріне технологиялық шешім әзірлеуі керек.
  1. Машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, ұңғымалардың өнімін жинау жүйесін оңтайландыру;
  2. Ұңғымаларды қосуға арналған цифрлық каталог;
  3. "Қалдықтарды басқару" автоматтандырылған жүйесі.
Байқауды ұйымдастыру мәселелері бойынша мына телефонға хабарласуларыңызды сұраймыз:
+7 7172 790187 немесе e-mail: sdf2022@kazenergy.com

Командаларға табыс тілейміз!
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.