top
top
Жаңалықтар

2 желтоқсанда онлайн форматта KAZENERGY Қауымдастығы Кеңесінің 34-ші отырысы өтті.  

Қауымдастыққа мүше компанияларға отырыс барысында 2022 жылғы жұмыс жоспарын орындау және нысаналы жобаларды іске асыру нәтижелері туралы хабарланды. Сондай-ақ, бас директор Қ.Ибрашев келесі жылға арналған жоспарларды ұсынды. Отырыс барысында ҚР Энергетика министрі Б. Ақшолақов, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қ. Исказиев, "QazaqGaz Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы С. Жаркешов, "Теңізшевройл" ЖШС маркетинг және тасымалдау бөлімінің бас менеджері Лори Саско, "Agip Karachaganak B. V." Басқарушы директоры және резидент-менеджері Ренато  Мароли сөз сөйледі, олар Қауымдастықты мұнай-газ және энергетика салаларын дамытудағы маңызды әріптес ретінде атап өтіп, KAZENERGY қызметіне жоғары баға берді. Отырыс қорытындысы бойынша Қауымдастық мүшелері 2022 жылғы атқарылған жұмыс туралы есепті бірауыздан қабылдады.
Астанада RES EXPO 2026
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2026 © Барлық құқықтар сақталған.